Ақмола облысы Зеренді ауданының кент, селолық округ әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Зеренді  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы Зеренді ауданының кент, селолық округ әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Зеренді ауданының кент, селолық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:
  • Алексеевка кентінің әкімі – Алексеевка сайлау округі Алексеевка кентінің шекараларында;
  • Бұлақ ауылдық округінің әкімі – Бұлақ сайлау округі Бұлақ ауылдық округінің шекараларында;
  • Викторовка ауылдық округінің әкімі – Викторовка сайлау округі Викторовка ауылдық округінің шекараларында;
  • Күсеп ауылдық округінің әкімі – Күсеп сайлау округі Күсеп ауылдық округінің шекараларында;
  • Приречен ауылдық округінің әкімі – Приречен сайлау округі Приречен ауылдық округінің шекараларында;
  • Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі – Сәкен Сейфуллин атындағы сайлау округі Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің шекараларында;
  • Троицк ауылдық округінің әкімі – Троицк сайлау округі Троицк ауылдық округінің шекараларында;
  • Чаглинка ауылдық округінің әкімі – Чаглинка сайлау округі Чаглинка ауылдық округінің шекараларында;
  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Зеренді аудандық комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Зерделі Зеренді», «Зерен» газеттерінде жариялансын.

 

Комиссия төрайымы                                                                     З. Қазияқпарова

Комиссия хатшысы                                                                               А. Хасенова

Дата публикации
25 июня 2021