Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылдың 4 қазанында өткен Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

          

2026 жылдың 4 қазанында Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақкөл ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 1231 азамат енгізілді, олардың 395-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 54.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аманжолова Ж.Т. – 31; Қалабаев Ж.К. – 274; Ыбырайымова Ж.Б. – 28.   

Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып Қалабаев Жанболат Көкенұлы сайланды, 1973 жылы туған, Ақкөл ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының Ақкөл ауылында тұрады, «Әділет» партиясымен ұсынылған.

Күсеп ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 1295 азамат енгізілді, олардың 791-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 15.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бикеева А.А.  – 41; Сәрсенбаев Қ.Т. – 681; Точиева З.М. – 45.  

Күсеп ауылдық округінің әкімі болып Сәрсенбаев Қуандық Тишибайұлы сайланды, 1987 жылы туған, Күсеп ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының Өркен ауылында тұрады, «Әділет» партиясымен ұсынылған.

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 октября 2026