2026 жылдың 13 қыркүйегі сағат 18-00 жағдайына
Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелді:
- Аманжолова Жанар Тасыбайқызы, 1981 жылы туған, «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Ыбырайымова Жанна Бауыржанқызы, 1979 жылы туған, Зеренді ауданының «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Қалабаев Жанболат Көкенұлы, 1973 жылы туған, Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының Ақкөл ауылында тұрады, «Әділет» партиясымен ұсынылған.
Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелді:
- Бикеева Алмагүл Абайқызы, 1978 жылы туған, Зеренді ауданының «Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Садовое ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Сәрсенбаев Қуандық Тишибайұлы, 1987 жылы туған, Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының Өркен ауылында тұрады, «Әділет» партиясымен ұсынылған.
- Точиева Зарема Магометовна, 1987 жылы туған, Зеренді ауданының «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы