Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

 

2026 жылғы 8 қыркүйекте сағат 18.00-де Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Ақкөл ауылдық округі бойынша 4 кандидат ұсынылды, «Әділет» партиясымен - 1 (25%), өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 3 (75%).

Орташа бәсекелестік - 4 адам құрады. 

Күсеп ауылдық округі бойынша 5 кандидат ұсынылды, «Әділет» партиясымен - 1 (20%),  өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 4 (80%).

Орташа бәсекелестік - 5 адам құрады. 

 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 13 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
09 сентября 2026