Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің және Айдабол ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің және Айдабол ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

хабарлама

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

 

Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелді:

  1. Ғайсин Манарбек Назымбекұлы, 1984 жылы туған, Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының Ортақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  2. Қаратаева Алтынай Марқұланқызы, 1982 жылы туған, Зеренді ауданының «Троицк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Троицк ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  3. Тұрғынбекова Айгүл Бахытқызы, 1973 жылы туған, Зеренді ауданының «Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Еленовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Зеренді ауданы Айдабол ауылының әкіміне келесі кандидаттар тіркелді:

  1. Әбдірахманова Алма Рәшитқызы, 1968 жылы туған, Зеренді ауданының «Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Өзен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  2. Водовозов Николай Николаевич, 1976 жылы туған, Зеренді ауданы Айдабол ауылының әкімі, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  3. Қайыпов Бейбіт Дүйсенұлы, 1986 жылы туған, Зеренді ауданының «Қызылсая ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Қызылсая ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған

 

 

 

 

 

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2026