Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің және Айдабол ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің және Айдабол ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

 

2026 жылғы 23 маусымда сағат 18.00-де Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің және Айдабол ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Ортақ ауылдық округі бойынша 3 кандидат ұсынылды, барлығы  өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 3 (100%).

Орташа бәсекелестік - 3 адам құрады. 

Айдабол ауылы бойынша 4 кандидат ұсынылды, барлығы  өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 4 (100%).

Орташа бәсекелестік - 4 адам құрады. 

 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 28 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
24 июня 2026