«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 9 маусымда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин Зеренді ауылының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Зеренді ауылындағы шаңғы-роллер трассасын кеңейту және ұзарту нұсқалары туралы ақпаратты, қажетті жұмыс түрлері мен жобаның алдын ала құнын көрсете отырып ұсыну
|
2026 жылдың 19 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Абугалиев Н.М. (жинақ)
|
|
2. |
Буденный көшесіндегі мешіт маңындағы тұйық көшеге дресва төсеу жұмыстарын жүргізу |
2026 жылдың 17 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Рукавишников В.А., Абугалиев Н.М. (жинақ)
|
|
3. |
Ауылдың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отырған қараусыз қалған үйлерге тексеру жүргізіп, олардың меншік иелерімен аталған нысандарды бұзу мәселесін пысықтау
|
2026 жылдың 15 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Сайдалин Б.С., Абугалиев Н.М. (жинақ)
|
|
4. |
Тұрғындардың электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, абаттандыру және ауылдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де мәселелер бойынша хабарласуы үшін 21-5-70 нөмірі көрсетілген бірыңғай диспетчерлік қызметтің жұмысы туралы ақпараттың әлеуметтік желілер мен жергілікті WhatsApp топтарында жариялануын қамтамасыз ету
|
2026 жылдың 16 маусымына дейін |
Коспан Ж.Ж., Абугалиев Н.М. (жинақ)
|
|
5. |
Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу («Таза бейсенбі», сенбілік)
|
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Абугалиев Н.М. (жинақ) |
Аудан әкімі аппараты
басшысының м.а. Ж. Ыбырайымова