«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 8 маусымда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин Исаковка ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Викторовка ауылдық округінің шекарасынан Қостомаровка, Исаковка және Уялы елді мекендеріне дейінгі «Викторовка – Исаковка» автомобиль жолына грейдерлеу және жол төсемін профильдеу жұмыстарын жүргізу |
2026 жылдың 23 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Байсеитов С.Ш., Рукавишников В.А. (жинақ) |
|
2. |
Қостомаровка ауылындағы су құбыры желілеріне техникалық зерттеу жүргізіп, олардың техникалық жай-күйін анықтау және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
2026 жылдың 20 қарашасына дейін |
Исаханов С.Т., Байсеитов С.Ш. Рукавишников В.А. (жинақ) |
|
3. |
Орманды кесу және ағаш материалдарын артық жүктемемен тасымалдау мәселелері бойынша Табиғи ресурстар басқармасымен, Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Больше-Тюктинское орман шаруашылығы мекемесі» ММ және ауылдық округ әкімдерімен кеңес өткізу
|
2026 жылдың 2 шілдесіне дейін |
Токишев Б.Д, Курмангожин А.Е. (свод) |
|
4. |
Исаковка ауылының тұрғындарымен ауыр жүк көліктеріне арналған шектеу аркасын орнату мәселесі бойынша кездесу өткізу. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған шешімді көрсете отырып, хаттама рәсімдеу
|
2026 жылдың 16 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Байсеитов С.Ш. (жинақ)
|
|
5. |
Атбасар – Көкшетау автомобиль жолында Исаковка ауылдық округіне қарасты елді мекендердің атаулары мен оларға дейінгі қашықтық көрсетілген жол сілтеме белгісін орнату
|
2026 жылдың 15 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Байсеитов С.Ш., Рукавишников В.А. (жинақ) |
|
6. |
Наубайхана ғимаратын ауданның коммуналдық меншігіне беру мәселесі бойынша «Кокшетау Астык Инвест ЛТД» ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізу
|
2026 жылдың 3 шілдесіне дейін |
Даукенов Е.К., Байсеитов С.Ш. (жинақ)
|
|
7. |
Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу («Таза бейсенбі», сенбілік)
|
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Байсеитов С.Ш. (жинақ) |
Аудан әкімі аппаратының
басшысының м.а. Ж. Ыбырайымов