«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 4 маусымда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин М.Ғабдуллин ат. ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Дороговка ауылына кіреберіс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздей отырып, ауданның 2026–2030 жылдарға арналған Инвестициялық жоспарына өзгерістер енгізу. |
2026 жылың 12 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Камиева А.К., Абылкасова Ж.А. Руковишников В.А. (жинақ)
|
|
2. |
Кіші Түкті ауылына кіреберіс автомобиль жолына 2027 жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздей отырып, ауданның 2026–2030 жылдарға арналған Инвестициялық жоспарына өзгерістер енгізу. |
2026 жылың 12 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Камиева А.К., Абылкасова Ж.А. Сайдалин Б.С. (жинақ)
|
|
3. |
Кіші Түкті ауылында балалар ойын алаңын орнатуға арналған сметалық құжаттаманы әзірлеп, 2027 жылға арналған бюджетті бекіту кезінде жобаны іске асыруға қаражат бөлуді қарастыру. |
2026 жылың 22 маусымына дейін |
Токишев Б.Д., Камиева А.К., Абылкасова Ж.А. (жинақ)
|
|
4. |
Кіші Түкті ауылына кіреберіс автомобиль жолын жөндеуге қаражат бөлу үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманы салалық басқармаға жолдау. |
2026 жылың 1 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Сайдалин Б.С., Абылкасова Ж.А. (жинақ)
|
|
5. |
Мәлік Ғабдуллин ауылының аумағында шөп шабу (шөп ору) жұмыстарын жүргізу. |
2026 жылың 12 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Абылкасова Ж.А. (жинақ) |
|
6. |
Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу («Таза бейсенбі», сенбілік)
|
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Абылкасова Ж.А. (жинақ) |
Аудан әкімі аппаратының
басшысының м.а. Ж. Ыбырайымова