Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № А-11/579 қаулысымен бекітілген орындарда стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № А-11/579 қаулысымен бекітілген орындарда стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

(Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қарашада № 8854-03 болып тіркелді)

Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 10 маусымнан - 10 шілдеге дейін.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 61, анықтама телефоны: 8 (71632) 2-13-83. Өтінімдерді (конкурстық өтінімді) қабылдау 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:

1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон,   заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы куәлік);

4) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;

6) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісім шарттардың көшірмесі, ауыл    шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т. б.);

7) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті.

Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.

Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy ресми сайтында жарияланған.

Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Зеренді ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy ресми сайтында жарияланады.

Зеренді ауданында стационарлық емес сауда

объектілерін орналастыру орындары

 

№

Орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр, м2)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым

Қызмет саласы

 

 

 

Зеренді ауылы

1

Автожолдан 10 метр, «Береке» сауда үйіне қарама-қарсы»

25 м2

5 жыл

«Береке» сауда үйі

Ауыл шаруашылығы өнімдері

2

Автожолдан 6 метр, «Ардагер» дүкенінің солтүстік-шығыс жағында

15 м2

5 жыл

«Ардагер» дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

3

«Сундучок» дүкенінің оңтүстік-батыс жағынан 25 метр

75 м2

5 жыл

«Сундучок» дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

4

Зеренді ауылының коммуналдық жағажайы, «Зеренді паркі» демалыс базасының батыс жағында»

80 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

5

Автожолдан 6 метр, «Визит орталық» солтүстік-батыс жағы

25 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Айдарлы ауылы

6

Жаңа көшесі, № 1 үйден 8 метр

25 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Исаковка ауылы

7

Достық көшесі, «Қазақстан» дүкеніне қарама-қарсы, № 8 үйдің жаны»

18 м2

5 жыл

«Қазақстан» дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Айдабол ауылы

8

Кооперативная көшесі, «Сельпо» дүкеніне қарама-қарсы № 4 үйден 5 метр,

25 м2

5 жыл

«Сельпо» дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Қонысбай ауылы

9

Абай Құнанбаев атындағы көше, "Асхат" дүкенінің оң жағынан № 13 үйден 10 метр

25 м2

5 жыл

"Асхат" дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Викторовка ауылы

10

Советская көшесі, «Береке» дүкеніне қарама-қарсы № 58 үйден № 62 үйге дейін,

15 м2

5 жыл

«Береке» дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Красиловка ауылы

11

Бөгенбай би көшесіндегі № 28 үйден № 26 үйге дейін

20 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Еленовка ауылы

12

Абылай хан көшесі 36, ауылдық клубтың іргелес аумағы

25 м2

5 жыл

«Кренделек» дүкені

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Симферополь ауылы

13

Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі № 6 үйден № 10 үйге дейін

25 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Мәлік Ғабдуллин ауылы

14

Жібек жолы көшесінің № 2 және № 4 үйлері арасындағы аумақ

25 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Серафимовка ауылы

15

Жастар көшесі, базардың іргелес аумағы ,

25 м2

5 жыл

Тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

Ауыл шаруашылығы өнімдері

 

 

Дата публикации
09 июня 2026