2026 жылғы 02 маусымда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин Троицк ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

«БЕКІТЕМІН»

Зеренді ауданының әкімі

 

____________ Ә. Құрманғожин

 

 

2026 жылғы 02 маусымда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин Троицк ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

№

р/н

Тапсырма

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.    

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Кенөткөл ауылына медициналық қызметкер үшін тұрғын үй сатып алу бойынша ұсыныс енгізу

 

2026 жылдың 19  маусымына дейін

Даукенов Е.К.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

2.    

Қазіргі жүктемеге және халықтың медициналық қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізе отырып, Кенөткөл ауылына медициналық қызметкердің штат бірлігін бөлу мәселесін зерделеп, тиісті ұсыныстар енгізу

 

2026 жылдың 16  маусымына дейін

Даукенов Е.К.,

Жолдангар Б.Ж.,

Копенов А.М.

(жинақ)

3.    

Ұзындығы 2 шақырым болатын Кенөткөл ауылына кіреберіс жолға топырақ төсеу және грейдерлеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін пысықтау

 

2026 жылдың 12 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Рукавишников В.А.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

4.    

Кенеткөл ауылында ұңғыма бұрғылау бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу. 2027 жылға арналған бюджет бекітілген жағдайда аталған жұмыстарды қаржыландыруды қарастыру.

2026 жылдың 23  маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

5.    

Троицк ауылдық округі тұрғындарынан сатып алынатын сүттің бағасының төмендеу себептерін зерделеп, ақпарат ұсыну (1 литріне 165 теңгеден 135 теңгеге дейін)

 

2026 жылдың 12 маусымына дейін

Даукенов Е.К.,

Бексултанова К.Б.

(жинақ)

6.    

Апаттық бригадамен бірлесіп, Кенөткөл ауылындағы Шағалалы көшесіне көше жарығын орнату мәселесін пысықтау

 

2026 жылдың 15  маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Рукавишников В.А.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

7.    

Троицк ауылындағы жаңа су құбырының құдықтарында анықталған мәселелер бойынша растайтын фото және бейнематериалдарды қоса тіркеп, ауданның сәулет бөліміне хат жолдау

 

2026 жылдың 26  маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

8.    

Кенөткөл ауылында ұңғыма бұрғылау үшін орын анықтау.

2026 жылдың 26  маусымына дейін

 

Исаханов С.Т.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

 

9.    

Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу («Таза бейсенбі», сенбілік)

 

Апта сайын

Исаханов С.Т.,

Жолдангар Б.Ж.

(жинақ)

 

 

Аудан әкімі аппаратының

басшысы                                                                                        А. Хайдар

 

Дата публикации
08 июня 2026