«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 29 мамырда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин Приречен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Приречное ауылына кіреберісте орналасқан ескі көпірге комиссиялық тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша тексеру актісін жасап, ұсыну
|
2026 жылдың 7 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Рукавишникова В.А, Шорин А.Е. (жинақ) |
|
2. |
Приречен ауылдық округі аумағында ұялы байланыс пен интернет желісінің сапасын жақсарту мақсатында, «Қазақтелеком» АҚ және Beeline, Activ, Tele2 ұялы байланыс операторларымен тиісті жұмыстар жүргізу
|
2026 жылдың 15 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Шорин А.Е. (жинақ) Жакупов К.Е. (келісім бойынша)
|
|
3. |
Байланыс тірегінің кәріз құдығына орнатылуына байланысты оны басқа орынға көшіру талабымен «Қазақтелеком» АҚ Зеренді филиалына хат жолдау
|
2026 жылдың 5 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Шорин А.Е. (жинақ)
|
|
4. |
Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу («Таза бейсенбі», сенбілік). |
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Шорин А.Е. (жинақ) |
Аудан әкімі аппаратының
басшысы А. Хайдар