«Кир Завод» ЖШС-нің 26.05.2026 жылғы № KZ50RYS01745471 белгіленген қызмет туралы өтініші

Хабарлама

 

«Ақмола облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 68-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 92-Ө «Инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес: қоршаған ортаға әсерді бағалау саласының қолдану аясын айқындау және (немесе) жоспарланған қызметтің әсерлерін скринингтеу жөніндегі қорытындыны беру мерзімі – өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, өзіңіздің ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды өтініш жолданған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші орналастырған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.

Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың жоспарланған қызмет туралы өтінішке қатысты ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
 Жоғарыда баяндалғанның негізінде ұсыныстар мен ескертпелерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жіберуіңізді, сондай-ақ оларды электрондық поштаға қосымша жолдауыңызды сұраймыз: akmola-ecodep@ecogeo.gov.kz 

 

Дата публикации
01 июня 2026