«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 25 мамырда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожин
Ортақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Ортақ ауылында балалар ойын алаңын орнатуға сметалық құжаттаманы дайындап, жақын арадағы мәслихат сессиясына бюджеттік өтінім жолдау
|
2026 жылдың 5 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Камиева А.К, Гайсин М.Н. (жинақ) |
|
2. |
Ортақ ауылдық округі әкімдігінің өтініміне сәйкес, су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін округ көшелерін абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын бөлу
|
2026 жылдың 6 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Гайсин М.Н., Рукавишников В.А. (жинақ) |
|
3. |
Қызылтан ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоршау орнатуға бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарастыру
|
2026 жылдың 5 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Гайсин М.Н., Камиева А.К (жинақ)
|
|
4. |
«Асыл» ЖШС басшылығының Қызылтан ауылы тұрғындарының бастамашыл тобымен пай жерлерінің жоғалуы және пайларын алмаған тұрғындарға пай төлеу мәселелері бойынша кездесуін ұйымдастыру
|
2026 жылдың 4 маусымына дейін |
Хайдар А.Е., Гайсин М.Н., Курмангожин А.Е. (жинақ) |
|
5. |
Қызылтан ауылының медициналық пунктіне арналған ғимаратты бюджет қаражаты есебінен сатып алу мәселесін қарастыру
|
2026 жылдың 15 шілдесіне дейін |
Даукенов Е.К., Гайсин М.Н., Камиева А.К. (жинақ) |
|
6. |
Қолданыстағы заңнама аясында Қызылтан ауылы медициналық пунктінің жаңа ғимаратына демеушілік қаражат есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру
|
2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін |
Даукенов Е.К., Гайсин М.Н. (жинақ) |
|
7. |
Қызылтан ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында үймелеу жұмыстарын жүргізу
|
2026 жылдың 30 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Гайсин М.Н. (жинақ)
|
|
8. |
Ортақ ауылының су құбырына комиссиялық тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша дефект актісін жасап, жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау
|
2026 жылдың 30 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Гайсин М.Н., Рукавишников В.А. (жинақ) |
|
9. |
Округ елді мекендерінде тұрғындармен бірлесіп санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу («Таза бейсенбі», сенбіліктер)
|
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Гайсин М.Н. (жинақ) |
Аудан әкімі аппаратының
басшысы А. Хайдар