2026 жылғы 19 мамырда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Курмангожин Қызылсая ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары  

 

«БЕКІТЕМІН»

Зеренді ауданының әкімі

 

____________ Ә. Құрманғожин

 

 

 

2026 жылғы 19 мамырда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Курмангожин Қызылсая ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

№

р/н

Тапсырма

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.    

Қызылсая ауылындағы ҰОС ескерткішін жөндеуге сметалық құжаттама әзірлеп, бюджеттік өтінім жолдау.

2026 жылдың 1 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Хайбар А.Б.,

Камиева А.К.,

Жамуханов А.У.

(жинақ)

2.    

«ConsultInvestsrtoy» ЖШС-нің су құбыры құрылысында жұмыс істеген Қызылсая ауылының үш тұрғынына жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу.

2026 жылдың 15 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Жамуханов А.У.,

Сайдалин Б.С.

(жинақ)

 

3.    

Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясына Қызылсая ауылы бағытындағы жол учаскесінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылау үшін жылжымалы мобильді бекет қою туралы хат жолдау.

2026 жылдың 28 мамырына дейін

Хайдар А.Е.

(жинақ)

 

4.    

Тайынша ауданының әкіміне ауыр жүк көліктері Тайынша ауданы бағытына қарай «Қонысбай – С.Сейфуллин – Қызылсая» автожолы арқылы жүріп, жол жамылғысын бұзып жатқандықтан, баламалы жолды пайдалану туралы хат жолдау.

2026 жылдың 28 мамырына дейін

Хайдар А.Е.

(жинақ)

 

5.    

Қызылсая және Қызылағаш ауылдарындағы балалар ойын алаңдарына сметалық құжаттама әзірлеп, мәслихат сессиясына өтінім жолдау.

2026 жылдың 1 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Камиева А.К.,

Жамуханов А.У.

(жинақ)

 

6.    

Қызылсая ауылындағы спорт алаңына сметалық құжаттама әзірлеу.

 

 

2026 жылдың 1 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Жамуханов А.У.

(жинақ)

 

7.    

Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын («Таза бейсенбі», «сенбілік») жүргізу.

Апта сайын

 

 

Исаханов С.Т.,

Жамуханов А.У.

(жинақ)

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының

басшысы                                                                                        А. Хайдар

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2026