Зеренді ауданының әкімі Ә. А.Құрманғожиннің 2026 жылғы 15 мамырда Күсеп ауылдық округі тұрғындарымен  өткен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары

«БЕКІТЕМІН»

Зеренді ауданының әкімі

 

____________ Ә. Құрманғожин

 

Зеренді ауданының әкімі Ә. А.Құрманғожиннің

2026 жылғы 15 мамырда Күсеп ауылдық округі тұрғындарымен

 өткен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

р/н

Тапсырма

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

«Азатский элеватор» ЖШС-мен бірлесіп «Көкшетау – Тайынша» тас жолынан ірі жүк көліктерінің өтуі үшін баламалы кірме жол ұйымдастыру мәселесін пысықтау

 

2026 жылдың 1 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Рукавишников В.А.,

Сарсембаев К.Т.

(жинақ)

2.

2027 жылға арналған бюджет қалыптастыру және бекіту барысында Өзен ауылында спорт алаңын салуға бюджет қаражатын бөлу қажеттігін қарастыру

 

2026 жылдың 25 қарашасына дейін

Исаханов С.Т.,

Сарсембаев К.Т.,

Рукавишников В.А.,

Камиева А.К.

(жинақ)

 

3.

Қолданыстағы заңнама аясында Азат станциясындағы жылу трассасын тексеру бойынша жұмыс тобын құру және жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізу

 

2026 жылдың 1 маусымына дейін

Исаханов С.Т.,

Сарсембаев К.Т.,

Кенжеболатова Д.Ш.,

Рукавишников В.А.

(жинақ)

4.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде Өзен ауылының (ГранАзия жерлері) жер учаскелерін трансформациялау бойынша жұмыс жүргізіп, оларды жайылым айналымына енгізу

 

2026 жылдың 1 тамызына дейін

Исаханов С.Т.,

Сарсембаев К.Т,

Курмангожин А.Е.,

(жинақ)

5.

Округ тұрғындарымен бірлесіп елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу («Таза бейсенбі», «сенбілік»)

 

Апта сайын

Исаханов С.Т.,

Сарсембаев К.Т.

(жинақ)

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының

басшысы                                                                                        А. Хайдар

Дата публикации
20 мая 2026