«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 13 мамырда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Курмангожин Симферополь ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма мазмұны |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Жолдыбай ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтап, орындалған жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару. |
2026 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Рукавишников В.А., Сабитов А.Н. (жинақ)
|
|
2. |
Қолданыстағы «Газель» автокөлігінің тозуына және ескіруіне байланысты балаларды Симферополь мектебіне тасымалдауға арналған шағын автобус сатып алу туралы Ақмола облысының білім басқармасы атына хат жолдау. |
2026 жылдың 20 мамырына дейін |
Хайдар А.Е. |
|
3. |
Жолдыбай ауылында антенна-мачталық құрылғыны (АМС) орнату үшін техникалық тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, қорытындысы бойынша тиісті қорытынды ұсыну (АМС биіктігі, байланыс сапасы, орнату мүмкіндігі және т.б.). |
2026 жылдың 1 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Сабитов А.Н., Рукавишников В.А., (жинақ)
|
|
4. |
Округ тұрғындарымен бірлесіп, округ елді мекендерін санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу («Таза бейсенбі», «сенбілік»). |
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Сабитов А.Н. (жинақ) |
|
5. |
Әлеуметтік жауапкершілік аясында Жолдыбай ауылындағы балалар ойын алаңының маңына тор орнатылған футбол қақпаларын қою және футбол алаңын абаттандыру мәселесін пысықтау. |
2026 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Исаханов С.Т., Рукавишников В.А., Сабитов А.Н. (жинақ)
|
Аудан әкімі аппаратының
басшысы А. Хайдар