«БЕКІТЕМІН»
Зеренді ауданының әкімі
____________ Ә. Құрманғожин
2026 жылғы 13 мамырда Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Курмангожин Қонысбай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Тапсырма мазмұны |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Васильковка ауылындағы ҰОС ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеп, қаражат бөлуге бюджеттік өтінім дайындап, аудандық мәслихаттың жақын сессиясының қарауына жолдау. |
2026 жылдың 1 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Камиева А.К., Хайбар А.Б., Еслямбеков Ж.Ж. (жинақ) |
|
2. |
Қолданыстағы заңнама аясында Васильковка ауылында балалар ойын алаңын орнату жұмыстарын жүргізуге бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу. |
2026 жылдың 1 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Камиева А.К., Рукавишников В.А., Еслямбеков Ж.Ж., (жинақ) |
|
3. |
Қолданыстағы заңнама аясында округ бойынша 2026 жылға мақұлданған барлық жобалар бойынша шарттық міндеттемелер жасау. |
2026 жылдың 1 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Камиева А.К., Еслямбеков Ж.Ж. (жинақ)
|
|
4. |
Ауылдық округ бойынша ағымдағы жылы іске асыруға мақұлданған барлық жобалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, жүргізілетін жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару. |
2026 жылдың 1 тамызына дейін |
Исаханов С.Т., Рукавишников В.А., Еслямбеков Ж.Ж. (жинақ) |
|
5. |
Васильковка ауылы тұрғындарының өтініші бойынша, жолдың нашар жағдайына байланысты автобус ауылға кірмейтіндіктен, автобус қатынасын субсидиялауды тоқтату. |
2026 жылдың 1 маусымына дейін |
Исаханов С.Т., Еслямбеков Ж.Ж., Рукавишников В.А. (жинақ) |
|
6. |
Округ тұрғындарымен бірлесіп, округ елді мекендерін санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу («Таза бейсенбі», «сенбілік»). |
Апта сайын |
Исаханов С.Т., Еслямбеков Ж.Ж., (жинақ)
|
Аудан әкімі аппаратының
басшысы А. Хайдар