Мәдениет және спорт
Күсеп ауылдық округінде Өркен ауылында ауылдық клуб бар. Клубта кітапхана, акт залы, би үйірмесі, вокалдық үйірме, сондай-ақ шахмат, дойбы, домра үйірмелері бар. Клубта 3 би ұжымы жұмыс істейді, Клуб қызметкерлері мен үйірмелерге келушілер түрлі байқаулар мен іс-шараларға қатысады. Сахналық киім, вокал, хореография үшін түрлі марапаттар, дипломдар, сертификаттар алады.
Сондай-ақ, Күсеп ауылдық округінің орта мектептерінде баскетбол, волейбол, каратэ, хоккей және спорт үйірмелері мен секциялары бар. Спорт үйірмелерінің қатысушылары түрлі жарыстарға қатысып, жүлдеге орындар, марапаттар, медальдар, сыйлықтар мен мақтау қағаздарын алады.
Округте спорт әдіскері Бағлан Орынбасарұлы Ысқақов жұмыс істейді округ командасы ауданда және облыста жүлделі орындарға ие.