
Ағымдағы жылдың, 7 ақпан күні, "Ақкөл ауылының ЖББМ" КММ мектебінде, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Қалабаевтың және Ауғанстандағы соғысқа қатысқан жауынгерлердің қатысуымен, Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күніне арналған, мерекелік іс-шара өтті.
Қонақтар үшін құттықтау концерті ұйымдастырылып, сонымен қатар, әскери дайындық пәнінің мұғалімі Алдажанов Шәріп Оралұлы қонақтарға мектеп мұражайды көрсетіп, соғыс жылдарындағы жәдігерлермен таныстырды. Әкімдік пен мәдениет үйінің қызметкерлері соғыс ардагерлері үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырды.