Ақкөл ауылдық округінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы.
Округтің құрамына бес ауыл кіреді.Ақкөл, Ивановка, Қазақстан, Молодежное, Туполевка 616 аула, көппәтерлі-402, жеке - 214
Ақкөл ауылында 2 су бөлетін қоғамдық ұңғымалар бар, су құбыры желілерінің ұзындығы 8,4 км құрайды, "Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ балансында, ауылда 35 жеке ұңғыма, 1 қоғамдық құдық бар. 2021 жылы 7,1 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, 37 құдық жөнделді, су мұнарасы орнатылды.
Молодежное ауылында 18 су жинайтын қоғамдық құдықтар бар, барлығы жұмыс істеп тұрғандары, су құбыры желілерінің ұзындығы 8,3 км, оның ішінде 2,8 км "Қылшақты" ЖШС жеке меншігінде, 5,5 км округтің коммуналдық меншігінде, барлығы "Қылшақты"ЖШС балансында үш су бөлетін мұнара бар. 2021 жылы 5,8 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, 21 құдық жөнделді, су мұнарасы орнатылды.
Ивановка ауылы ауыз сумен жабдықтау Сергеев су құбырынан жүзеге асырылады, су құбыры желілерінің ұзындығы 2,2 км құрайды. Ауылда 28 құдық, 2 жеке ұңғыма бар, олардың бірі техникалық суы бар.
Қазақстан ауылы су құбыры желілерінің ұзындығы 5 км құрайды, округ әкімдігінің балансында суды бөлу тәсілі шланг болып табылады. Су жинайтын ұңғымалар – 1, 1 жеке құдық бар, оның ішінде 1 техникалық сумен, қоғамдық ұңғымалар жоқ, жеке ұңғымалар жоқ 13 бірлік. 2021 жылы 2,8 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, 21 құдық жөнделді, су мұнарасы орнатылды.
Туполевка ауылында 2 жеке құдық бар, сонымен қатар ауыз суы бар табиғи бұлақ бар.
Ауылдық округ аумақтарын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында:
- сенбіліктер Мемлекеттік мекемелердің, өндірістік объектілердің және жеке аулалардың аумақтарында өткізіледі;
- елді мекендерде ағаштар мен бұталар отырғызылады;
- қоқыс пен қалдықтарды шығару.
Көше жарығы:
120 жарықтандыру аспаптары (Ақкөл ауылы -55, Молодежное ауылы-28, Ивановка ауылы-18, Қазақстан ауылы-13, Туполевка ауылы -6)
Жылумен жабдықтау: Орталықтандырылған жылыту-жоқ
Пешпен жылыту - 616 аула
- Ақкөл ауылы (Мектеп, "Бөбек" шағын орталығы, әкімдік, клуб, пошта, ВА, 4-дүкен)
- Молодежное ауылы (Мектеп, мектеп жанындағы шағын орталық, ФП, почта, намазхана, 3 дүкені, намаз үйі, "Самарбай" орманшылығы "Бұқпа" КММ, Зеренді электр желілерінің Молодежный желілік шеберханасы)
- Ивановка ауылы (Мектеп, ФП 1-дүкен)
- Қазақстан ауылы (Мектеп, ФП, 1-дүкен)
Телефон байланысы: Телефон байланысы абоненттерінің саны: 391 заңды тұлға – 10, жеке тұлға - 376.
Ауылдық округті электрмен жабдықтау – орталықтандырылған.
Көлік қатынасы: Петропавл-Астана, Көкшетау-Омбы республикалық мақсаттағы автожолы
Автобус қызметі: Ақкөл ауылының тұрғындарына Көкшетау қаласында күніне алты рет №18 автобус қызмет көрсетеді. Аптасына екі рет "Молодежное - Зеренді", "Молодежное - Көкшетау" әлеуметтік маңызы бар ауданішілік бағыты ашылды. Сондай-ақ, балаларды Ивановка ауылынан Ақкөл ауылына 18 оқушы, Қазақстан ауылынан 15 оқушы ПАЗ автобусымен күнделікті мектепке жеткізу жүзеге асырылады. Байланыс саласында 1 пошта бөлімшесі бар.
Beeline базалық ұялы байланыс станциялары, Актив жұмыс істейді.
Ақкөл ауылдық округінде Ивановка, Қазақстан ауылдарында балалар алаңдары бар, сондай –ақ Ақкөл ауылындағы шағын футбол алаңы орнатылған
Ақкөл ауылдық округінде Ақкөл-Аctive, Beeline, Молодежное – Tele-2, Kcell, Ивановка – Tele-2 мұнаралары орнатылды.