GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА: ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ 68,8%-Ы ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖАСАЛҒАН

Жарқайың аудандық ауруханасында пациенттерге жоспарлы және шұғыл хирургиялық көмек көрсетіледі. Мамандар лапароскопиялық аппендэктомия мен холецистэктомияны, әртүрлі жарықтарға жасалатын операцияларды, аяқ-қол ампутациясын, тері мен жұмсақ тіндердің қатерсіз түзілістерін алып тастауды, іріңді ошақтарды ашуды және гинекологиялық операцияларды орындайды.
Хирургиялық көмек көрсететін команда құрамында хирургтар Абильдаев Д.А., Касымбекова А.С., Жумагалиев А.А., анестезиолог-реаниматологтар Муканов С.Ж., Бейсехан Н.Б., акушер-гинекологтар Кожамкулова А.М. және Пряхина О.А. бар.
2026 жылғы  128 операция жасалды. Оның 68,8%-ы шұғыл операциялар болды. Хирургиялық белсенділік 33,9%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 137 операция орындалған. Соңғы екі жылда операциядан кейінгі асқынулар тіркелмеген.

23 октября 2026
Атбасар ауруханасы мамандандырылған медициналық көмекті кеңейтуде

Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың және Сандықтау аудандарының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
2026 жылы нейрохирург Маженов Исатай Қонысұлы 30-дан астам операция жасады. Ангиограф аппараты мен интервенциялық рентгенхирург Рахимов Рустам Абзалұлының жұмысының арқасында кардиологиялық бейін бойынша 85 операция орындалды. Балалар хирургиясында 34 операция жасалды.
2025 жылмен салыстырғанда 2026 жылы жүкті және босанатын әйелдерге арналған төсек бейіні бойынша операциялар саны 28-ден 140-қа, ересектер травматологиясында 42-ден 120-ға, гинекологияда 40-тан 103-ке, ересектер хирургиясында 126-дан 181-ге дейін өсті.
Аурухана КТ, ангиограф және маммограф аппараттарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта МРТ аппаратын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Ауруханада реабилитолог Жұмаенов Жаслан Дулатұлы жұмыс істейді. Алдағы уақытта оңалту бөлімшесін ашу және оны арнайы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жаңа медициналық бағыттардың дамуы бес ауданның тұрғындарына мамандандырылған көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді.

23 октября 2026
Жақсы ауданында буын эндопротездеу бойынша 40 операция жасалды

2026 жылдың басынан бастап Жақсы ауданында буын эндопротездеу операциялары жүргізіле бастады. Содан бері 40 операция жасалды.

Жергілікті медициналық команда құрамында травматолог-ортопед, хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрмұхаметов Аманжол, хирург Абдулсамет Тотан және дәрігер-анестезиолог-реаниматолог Карибай Нұрболат бар.

Сонымен қатар академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының жетекші травматолог-ортопеді, эндопротездеу маманы Сүлейменов Бекжан да операцияларға қатысады.

Медициналық көмекке Жақсы, Есіл, Жарқайың және Атбасар аудандарының тұрғындары жүгінеді. Пациенттердің басым бөлігі 65 жастан асқан, көбіне тізе буынын ауыстыру операциялары жасалады.

Ауылдық жерлерде эндопротездеу қызметінің дамуы тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді.

22 октября 2026
ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖЕДЕЛДЕДІ

Зеренді аудандық ауруханасына 19 710 тұрғын тіркелген. 2026 жылдың қыркүйегінен бастап мұнда Mindray BS-240 Pro автоматтандырылған биохимиялық анализаторы жұмыс істейді.
Жабдық 24-тен астам көрсеткішті анықтайды. Кальций, магний, фосфор, С-реактивті ақуыз, ревматоидтық фактор, темір және ферритин деңгейлерін зерттеу қолжетімді.
Бұрын талдауларға шамамен 2 сағат қажет болса, қазір 40 зерттеу 1 сағат 15 минутта орындалады. Шұғыл талдаулар STAT режимінде жүргізіледі.
Аптасына екі рет 6 дәрігерлік амбулаториядан қан үлгілері жеткізіледі. Анализатор іске қосылғалы бері 3 600-ден астам зерттеу жүргізілді.

22 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.

«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.

Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.

Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.

Осылайша, Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркуйекке дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы 43795 тәуекелді төлем бойынша барлығы 1671 хабарламалар жолданды оның ішінде:

- білім беру саласында 40499 тәуекелді төлем бойынша барлығы 931 хабарламалар;

- мәдениет саласында 3058 тәуекелді төлем бойынша барлығы 679 хабарламалар;

- денсаулық сақтау саласында 238 тәуекелді төлем бойынша барлығы 61 қою хаттары хабарламалар;

Заңсыз төлемдер расталған 29 тәуекелді төлем бойынша қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

21 октября 2026
ҚАН ДОНОРЛЫҒЫ: 5 686 ДОHАЦИЯ

2026 жылдың 9 айында Ақмола облыстық қан орталығына 6 863 донор жүгінді. Оның ішінде 3 605 адам қан және оның компоненттерін тапсырды, 948 адам алғаш рет донор атанды. Жалпы 5 686 донация жасалды.
2026 жылы орталықта донорлық қанды инфекцияларға тексерудің екінші кезеңіне арналған Cobas 5800 заманауи ПТР аппараты іске қосылды. Зерттеу уақыты 5 сағаттан астам уақыттан шамамен 2,5 сағатқа дейін қысқарды.
2025 жылы орталық 11 заманауи жабдықпен толықтырылды. Жаңа технологиялар зертханалық диагностиканы жеделдетіп, қан компоненттерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

20 октября 2026
Целиноград аудандық емханасында операциялар саны 63,7%-ға артты

2026 жылдың басынан бері амбулаториялық хирургия орталығында 519 операция жасалды. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 63,7%-ға көп. 2025 жылы 317, ал 2024 жылы 205 операция орындалған.
Орталықта жалпы хирург, балалар хирургі және травматолог жұмыс істейді. Мамандар теріге операциялар жасайды, абсцесстерді ашады, варикоцеле мен гидроцеле кезінде хирургиялық көмек көрсетеді, тырнақтарды алып тастайды және көктамырларға склеротерапия жүргізеді. Науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, операциялар ауруханаға жатқызусыз жасалады.

Денсаулық сақтау
20 октября 2026
Ақмола облысындағы туберкулезбен сырқаттанушылық статистикасы

2026 жылдың 8 айында Ақмола облысында:

1.    2026 жылдың 8 айында туберкулезбен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендеді.
2.    Туберкулездің жаңа жағдайларының саны азайды: 2026 жылдың 8 айында 148 жағдай тіркелді, ал 2025 жылдың осы кезеңінде 173 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 жағдайға аз..
3.    Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастардың саны төмендеді: 311 адамнан 229 адамға дейін, яғни 82 адамға азайды.
4.    Туберкулезді уақтылы анықтау көрсеткіші жақсарды: 60%-дан 64,2%-ға дейін өсті, яғни 4,2%-ға артты.
5.    Нәрестелердің 97%-ы перзентханаларда БЦЖ вакцинасын алды. Бұл өте жақсы көрсеткіш: әрбір жаңа туған нәресте туберкулезден алғашқы қорғанысын алады.
6.    350 пациент әлеуметтік қолдауға ие болды, ал 56 оқушы химиопрофилактика кезеңінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

06 октября 2026
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің күндізгі отырысының хаттамасынан үзінді

график каз.pdf

список каз.pdf

02 октября 2026
Ақмола облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2026-2035 жылдарға арналған өңірлік перспективалық жоспары

Постановление РПП 2026 каз.docx

РПП Акмолинская_2026_каз.xlsx

Социальные сети
Instagram.com
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы