Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы 2021 жылғы есеп.

1. Жалпы ережелер

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлер туралы мәлiметтер.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары мемлекеттiк қызметтердi 33 көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетедi (бұданәрi — есеп Облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары көрсеткен мемлекеттiк қызметтер бойынша мәлiметтер енгiзiлген).

2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

Облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары мемлекеттiк қызметтердiң 27 түрiн көрсетедi. Мемлекеттiк қызметтiң 2 түрi ақылы негiзде, ал 24 түрi тегiн көрсетiледi.

2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны — 7739431 құрады, оның iшiнде:

- Мемлекеттiк корпорация арқылы — 368;

– электронды түрде-57040 (ЭҮП,);

– көрсетiлетiн қызметтi берушiлер арқылы-3867 (қағазнысанда); 4830032 (электрондық түрде Ақпараттық жүйелер арқылы); 2848124 (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ақпараттық жүйелерi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушымен тiкелей байланыс және өтiнiмдi ақпараттық жүйеге қолмен енгiзу арқылы).

3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жүргiзiлген талдау негiзiнде неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мыналар болып табылады: медициналық ұйымға тiркеу, (56820) дәрiгердiң қабылдауына жазылу; (5581083) дәрiгердi үйге шақыру; (292609) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру; (149086) жедел медициналық көмектi шақыру; (288832) емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру; (51372) алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту; (18152) көлiк құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру; (18152) (4159) дәрiлiк заттарды беру;, жекелеген санаттағы азаматтарға мамандандырылған емдiк өнiмдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар; (930307).

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қолжеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат облыстың баспа басылымдарында мезгiл–мезгiл жарияланады, сондай-ақ ақпарат облыстың және басқарманың медициналық ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында "мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылады. Бұданбасқа, ақпарат медициналық ұйымдарда жалпыға қолжетiмдi орындарда ақпараттық стендтерде орналастырылған.

3) мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсiндiру iс-шараларын өткiздi. Облыстың 33 медициналық ұйымдарында электрондық мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн "Е-GOV" өзiн-өзi қызмет көрсету бұрыштары жұмыс iстейдi. 2021 жылы "Е-GOV"өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 1156082 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi

2021 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету көрсеткiштерiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес облыста апта сайынғы аппараттық кеңестерде мемлекеттiк қызмет көрсететiн облыстың медициналық ұйымдарының басшылары тыңдалды.

Облыста мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнiндегi iс — шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылы барлығы 78 семинар-кеңес, "дөңгелек үстел" және қоғамдық кеңестер өткiзiлдi.

Ақмола облысы бойынша 2021 жылы жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпараттандыру жоспары бойынша 68 сөз сөйлеулер мен жарияланымдар болды: медициналық мекемелердiң 34 басшысы мен маманы әлеуметтiк желiлердiң тiкелей эфирiнде сөзсөйледi. Instagram және Facebook әлеуметтiк желiлерiнде 24 инфографика орналастырылды, сондай-ақ баспа басылымында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы 24 жарияланым, теледидарда 1 сөз сөйлеу орналастырылды.

2021 жылдың басынан бастап әрбiр медициналық ұйымда (33) Мемлекеттiк қызмет көрсету ережелерi және оларды көрсету тәртiбi көрсетiлген стендiлер ресiмделген.

Халықтың өзбетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi алуы және ыңғайлы болуы үшiн үй-жайда барлық қажеттi "өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылған және жабдықталған.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет.

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2021 жылы Мемлекеттiк қызмет көрсету саласында бiлiктiлiктi арттырудан ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы РМҚК Ақмола облысы филиалында "конструктивтiк шешiм" фирмасы "Мемлекеттiк қызмет көрсету дағдыларын жетiлдiру" тақырыбында 69 маман өттi. Ерекше қажеттiлiктерi бар адамдармен қарым-қатынас"

2) мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар қажеттiлiгiне қарай Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратына жiберiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2021 жылы көрсетiлетiн қызметтi алушылардан Денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi.

2021 жылға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесi бойынша бақылау iс-шараларының жоспарына сәйкес, мемлекеттiк қызмет көрсетудi талдау бөлiмiмен 11 бақылау iс-шарасы өткiзiлдi: "Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ МКК. "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы" МКҚК, "К. и. Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК. "Бiржан Сал аудандық ауруханасы"ШЖҚ МКК,"Егiндiкөл аудандық ауруханасы "ШЖҚ МКК, " Ерейментау аудандық ауруханасы "ШЖҚ МКК," Көкшетау Көпбейiндi қалалық ауруханасы "ШЖҚ МКК," Көпбейiндi облыстық аурухана "ШЖҚ МКК," №2 Көпбейiндi облыстық аурухана "ШЖҚ МКК," Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы "ШЖҚ МКК," Целиноград аудандық ауруханасы "ШЖҚ МКК.

Бақылауiс-шаралары барысында басқарма мынадай бұзушылықтарды анықтайды:

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы ақпараттық — түсiндiру жұмыстарының әлсiздiгi;

2) есептiк деректердiң алшақтығы;

3)ресми интернет-ресурстарды сапасыз жүргiзу.

Қазiргi уақытта бұзушылықтардың себептерiн жою мақсатында мынадай жұмыстар жүргiзiлдi:

- анықталған ескертулердi жою бойынша ұсынымдармен тиiстi тексеру актiлерi жасалды ; ;

Бақылау iс-шараларының қорытындысы бойынша сөгiс түрiнде 45 қызметкер, ескерту түрiнде 6 қызметкер тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды.

4) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi.

Қоғамдық мониторинг нәтижелерiне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу анықталған жоқ.

5. Қызмет алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттануынарттыру жәнеодан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткiштер бекiтiлдi, Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесi бойынша 2022 жылға арналған бақылау iс-шараларының жоспары бекiтiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бүгiнгi күнi мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiрудiң маңызды бағыты болып қала бередi: мемлекеттiк басқаруды жетiлдiрудiң нысаналы көрсеткiштерiнiң бiрi азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистiк мемлекет" моделiне көшу мiндетi бекiтiлген, онда мемлекеттiк басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесi үшiн қызмет көрсетедi, ал мемлекеттiк басқару сапасын негiзгi бағалаудың бiрi азаматтардың мемлекеттiк қызметтердi ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады. 2021 жылғы Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша медициналық ұйымдардың қызметi туралы 2021 жылғы есептi талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады dzo@akmzdrav.kz 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
25 февраля 2025
2024 жылға арналған Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Есеп
28 февраля 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының қызметі туралы 2023 жылғы есеп
16 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы

Социальные медиа

Instagram.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы