1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы медициналық ұйымдар 33 қызмет көрсетушіге (әрі қарай - есепте қамтылған мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен көрсетілген) мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Облыс бойынша медициналық ұйымдар 28 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 2 мемлекеттік қызмет ақылы негізде, ал 24-і тегін негізде көрсетіледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 7 170 757, оның ішінде:
- «Госкорпорация» арқылы – 22;
- Электронды түрде – 61 939 (ПЭП);
- Қызмет көрсетушілер арқылы – 88 (қағаз түрінде); 124 055 (қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде, қызмет алушының тікелей қатысуынсыз); 6 984 650 (қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланысып және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы).
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылады:
- Медициналық ұйымға тіркелу, бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету; (77645)
- Дәрігерге қабылдауға жазылу; (5924195)
- Үйге дәрігер шақыру; (49414)
- Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру; (58355)
- Жедел жәрдем шақыру; (237303)
- Пациенттерге ауруханаға жатқызу жөнінде жолдама беру, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында Бюро арқылы порталға жіберу; (67842)
- Міндетті алдын ала медициналық тексеруден өту; (16582)
- Көлік құралын басқаруға рұқсат туралы анықтама беру; (3678)
- Кейбір азаматтар үшін дәрі-дәрмек, арнайы емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру; (351582).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат облыс бойынша мерзімді баспа басылымдарында үнемі жарияланып отырады, сондай-ақ медициналық ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және басқарманың «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады. Бұған қоса, медициналық ұйымдарда жалпы қолжетімді орындарда ақпараттық стендтерде де ақпарат орналастырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстарын жүргізу, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқа шаралар).
2024 жылы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын өткізді. Облыстың 38 медициналық ұйымында электрондық мемлекеттік қызметтер алу үшін «Е-GOV» өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 2024 жыл ішінде «Е-GOV» өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы 61 939 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыс бойынша апта сайынғы аппараттық кеңестерде мемлекеттік қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың басшылары тыңдалды.
2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста барлығы 63 семинар-кеңес, «дөңгелек үстелдер» және қоғамдық кеңестер өткізілді.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы физикалық және заңды тұлғаларға ақпарат беру жоспарына сәйкес, 2024 жыл ішінде қызмет көрсетушілер ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында 2024 жылғы қаңтар айында Instagram ресми парақшасында 2 тікелей эфир өткізілді: 1 тікелей эфир «Кокшетау жоғары медициналық колледжі», 1 тікелей эфир Көпсалалы облыстық аурухана №2.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 11 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы ақпан айында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді, сондай-ақ медициналық ұйымдармен «Қызмет алушылардың құқықтары» тақырыбында 9 тікелей эфир өткізілді.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 28 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы наурыз айында «Виамедис Кокшетау» ЖШС тарапынан 1 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 10 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы сәуір айында «Кокшетау жоғары медициналық колледжі», «Шотанды аудандық ауруханасы» тарапынан 2 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 21 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы мамыр айында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді, сондай-ақ «Кокшетау жоғары медициналық колледжі», «Қорғалжын аудандық ауруханасы», Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы тарапынан 3 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 27 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы маусым айында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 25 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы шілде айында «Кокшетау жоғары медициналық колледжі», Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы тарапынан 2 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 12 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы тамыз айында «Кокшетау жоғары медициналық колледжі», Көпсалалы облыстық аурухна №2 тарапынан 2 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 27 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы қыркүйек айында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді, сондай-ақ Кокшетау жоғары медициналық колледжі мен Кокшетау қалалық емханасы ресми Instagram парақшаларында 2 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 16 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы қазан айында Кокшетау жоғары медициналық колледжі ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 9 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы қараша айында Кокшетау жоғары медициналық колледжі мен Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы ресми Instagram парақшаларында 2 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 14 инфографика орналастырылды.
2024 жылғы желтоқсан айында Кокшетау жоғары медициналық колледжі ресми Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 10 инфографика орналастырылды.
2024 жылдың басынан бастап барлық медициналық ұйымдарда (38) мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері мен тәртібі туралы стендтер орналастырылды.
Халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуына ыңғайлы болу үшін барлық қажетті жабдықпен «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, жабдықталды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан Ақмола облысы әкімінің жанындағы РГКП «Мемлекеттік басқару академиясы» филиалында және «Конструктивное решение» фирмасында «Мемлекеттік қызметтер көрсету дағдыларын жетілдіру. Арнайы қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекеттесу» тақырыбында 12 маман өтті.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру бойынша ұсыныстар қажет болған жағдайда Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданып отырады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызмет алушылардан түскен шағымдар туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызмет алушылардан Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасына шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
2023 жылғы 21 желтоқсандағы №681 – бұйрығына сәйкес «2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жүргізілетін бақылау шаралары жоспарын бекіту туралы» денсаулық сақтау басқармасының Медициналық көмек көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері облыстың 5 медициналық ұйымында ішкі бақылау шараларын өткізді. Бақылау нәтижелері бойынша әр медициналық ұйымның басшыларына тексеру актісі ұсынылып, онда бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер көрсетіліп, оларды жою жөніндегі шаралар қабылданды: «Viamedis» филиалы, Кокшетау қалалық теміржол ауруханасы, «Көпсалалы облыстық аурухана», «Алғышқы медициналық-санитарлық көмек орталығы», «Кокшетау қалалық көпсалалы ауруханасы».
Бақылау барысында келесі бұзушылықтар анықталды:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі;
2) Есептік деректердегі сәйкессіздіктер;
3) Ресми интернет-ресурстарды сапасыз жүргізу;
4) 2024 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің порталдарында үнемі үзілістер болды (РПН, БГ, ЭРСБ, ИСЛО, ЭРДБ).
Қазіргі уақытта бұзушылықтардың себептерін жою мақсатында келесі жұмыс жүргізілді:
- Анықталған ескертулерді жою жөніндегі ұсыныстармен тексеру актілері дайындалды;
Бақылау шараларының қорытындысы бойынша 1 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту түрінде).
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша, 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталмаған.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, сондай-ақ 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына бақылау шаралары жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің мақсатты көрсеткіштерінің бірі – азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру. Яғни, «қызмет көрсету мемлекеті» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызметтер көрсетеді және мемлекеттік басқарудың сапасын бағалаудың негізгі өлшемі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығы болып табылады.
2024 жылға медициналық ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есепке қатысты ұсыныстар, ескертулер, пікірлер dzo@akmzdrav.kz электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.