Медициналық ұйымдар КВИ емдеу үшін 200 млн. теңге сомасына 5 жаңа ДЗ өтінім берді, қазірдің өзінде 78 млн.теңгеге жеткізілді. 50 мың адамды қамту жоспарлануда.
ЖҚҚ. ҚР Үкіметінің резервінен ЖҚҚ және ДЗ сатып алуға 804,1 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді (1,6 млн. бір реттік маска, 79 мың респиратор, 1,1 млн. жұп қолғап, 65 ДЗ атауы, 7 мың көп реттік ОҚК жиынтығы, 59 мың бір реттік ОҚК, 4 химияға қарсы қорғаныш костюмі, зарарланған адамды тасымалдауға арналған 2 капсула, 9 мың бірлік қалта антисептиктері);
Облыс әкімдігі резервінің есебінен 317,1 млн. теңге сатып алынды: (613 мың бір реттік маска, 150 мың көп реттік маска, 2 мың көп реттік ОҚК, 11 мың бір реттік ОҚК, 20 мың литр антисептик, 10 мың жұп қолғап, 12 мың FFP3/N99 респиратор).
Сондай-ақ, Қазақстан, Түркия, ҚХР, БАӘ, ШҰАА, АҚШ, РФ және т.б. компанияларынан гуманитарлық көмек шеңберінде 8000 бір реттік және көп реттік қорғаныш костюмдері мен комбинезондар жеткізілді. Аталған костюмдер медициналық ұйымдарға таратылды.
Жалпы, медициналық ұйымдарда жеке қорғаныс құралдары жеткілікті. Тапшылық жоқ.
Қосымша төсектер өрістетілген немесе КВИ жаңа тұтанған жағдайда ЖҚҚ қоры бар.
КВИ емдеу үшін дәрілік заттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында, жеке меншік дәрізаналарға 200 млн теңге сомаға Бірыңғай дистрибьютерге өтінім жіберілді. Бұл қорлар Бірыңғай дистрибьютердің қоймаларында сақталатын болады және шұғыл жағдайлар туындағанда тікелей жеке меншік дәріханаларға тиелетін болады.
Бұдан басқа, пневмония және коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қажетті дәрілік заттармен жеке меншік фармацевтикалық нарықты жабу үшін 500 млн теңге сомаға «Көкше» ӘКК жанында тұрақтандыру қоры құрылды.
Халық арасында тұмауға қарсы иммундау жүргізу үшін қауіп тобы саны 73000 адам анықталды: (медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, жиі ауыратын алты айдан асқан балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдар).
Облыс бойынша қауіп тобын 10% вакцинациялаумен қамту үшін 73690 адамды егу қажет (ҚР статистикасы бойынша тіркелген халық 736905 адамды құрайды).
2020-2021 жж. эпидемиологиялық маусымға «СК-Фармация» ЖШС БД 82048 доза көлемінде «Гриппол плюс» (Ресей өндірісі) тұмауына қарсы вакцинаға тапсырыс берілді, алайда 73172 доза жеткізілді, бұл қауіп тобындағы халықты 10,0% - ды құрайды (БД қоймаларында вакцинаның жоқтығынан қалған бөлігі жеткізілмеді).
Жергілікті бюджеттен вакцина сатып алуға 9300,2 мың теңге бөлінді, 10724 доза вакцина (2019 жылы-9000доз) сатып алынды, облыстың медициналық ұйымдары 54156,8 мың теңге сомаға 62448 доза (2019 жылы-61690 доза) сатып алды.
2020 жылдың 03 қарашада облыс бойынша 70768 адамға екпе жасалды, яғни ол 97% құрайды.
Бүгінгі таңда КВИ науқастарға медициналық көмекті 10 медициналық ұйым көрсетеді, онда 580 инфекциялық төсек, оның (188 жұмыспен қамтылған 32%) және 45 реанимациялық төсек (11 жұмыспен қамтылған 24%), сондай-ақ «бурабай» Облыстық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ МКК басқа мемлекеттерден әуерейсмен ұшып келгендер үшін 130 карантиндік төсек құрылды (0% төсек жұмыспен қамтылған.
Анықтама: «№2 Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК (40 төсектік инфекциялық стационар), «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК (15 төсектік инфекциялық стационар), «Степногорск көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК (30 төсектік инфекциялық стационар), «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК (40 төсектік инфекциялық стационар), «Бурабай» Облыстық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ МКК (100 төсектік инфекциялық стационар, 130 төсек орын карантиндік стационар), «Көкше» Облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК (100 төсектік инфекциялық стационар), «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК (80 төсектік жұқпалы аурулар стационары (уақытша қысқартылды), «Көкшетау көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК (30 төсектік жұқпалы аурулар стационары (уақытша қысқартылды), «Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК (50 төсектік жұқпалы аурулар стационары);
Пандемия кезеңінде 28 медициналық ұйымдардың төсектерінің бейіндері қайта қаралды.
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ақмола облысында 15 инфекциялық және 7 провизорлық стационар ашылды. Оған 4222 медицина қызметкері (673 дәрігер, 2345 орта медицина қызметкері, 1204 кіші медицина қызметкері) қатысты. Қолданыстағы төсектерде кадрлармен жасақталуы 100%.
Алайда, бүгінгі күні облыста денсаулық сақтау қызметкерлерін жұқтырудың 1010 жағдайы тіркелген (дәрігерлер-214, СМР-522, ММП-171, басқа денсаулық сақтау қызметкерлері - 113 (жүргізушілер, диспетчерлер, бөлімшедегі орта медициналық персонал құрылымдық бөлімшесінің аға маманы)).
Жергілікті атқарушы органның өңірлік комиссиясына біржолғы әлеуметтік төлемдерді алуға 504 өтініш берілді, оның ішінде Комиссия шешімімен 504 (дәрігерлер-125, ОМҚ-211, КМҚ-90, өзге де денсаулық сақтау қызметкерлері - 78 (жүргізушілер, бөлімшедегі орта медициналық персонал құрылымдық бөлімшесінің аға маманы) қызметкер бір жолғы әлеуметтік төлемдерді алды.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің 15 өлім жағдайы қаралды. Өңірлік комиссияның шешімімен қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін 15 өлім жағдайы анықталып, қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына төленді.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 04 сәуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айларына COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан орташа 4228 медицина қызметкеріне 3057,7 млн. теңге төлем жүргізілді:
1 -тәуекел тобы 1097 медицина қызметкері, үстемеақы сомасы 1423,8 млн. теңге (жұмыс істелген 2 сағат үшін ең төменгі төлем 11 333,3 теңге және жұмыс істелген сағат үшін ең жоғарғы төлем 850 000 теңге);
2 -тәуекел тобы 2158 медицина қызметкері, үстемеақы сомасы 1037,1 млн. теңге (ең төменгі төлем 1 жұмыс істелген сағат үшін 2 951 теңге және ең жоғарғы төлем 425 000 теңге);
3 -тәуекел тобы 973 медицина қызметкері, үстемеақы сомасы 596,8 млн. теңге (ең төменгі төлем 1 жұмыс істелген сағат үшін 1264,9 теңге және ең жоғарғы төлем 212 500 теңге).
Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2024 жылға қарай дәрігерлердің орташа айлық жалақысын кезең-кезеңімен 2 есеге және орта медициналық персоналдың жалақысын 1,6 есеге ұлғайту көзделген.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірдің 32 медициналық ұйымдарында (ШЖҚ МКК, МКҚК) орташа айлық жалақы 1559 дәрігерде 30% - ға (162 мың теңгеден 211 мың теңгеге дейін) және 5092 орта медициналық персоналда 20% - ға (112 мың теңгеден 134 мың теңгеге дейін) өсті.
Жедел медициналық көмек орталықтандырылған түрде облыстық жедел медициналық жәрдем станциясымен көрсетіледі.
Анықтама: құрамында 1 қалалық, 37 ауылдық жедел жәрдем бөлімшелері бар. Ауылдық елді мекендерді қамту аймағы 27,2%, 67,6% ауыл және 100% қала халқы қамтылған.
Облыстық жедел жәрдем станциясының қуаттылығы - 69 тәулік бойы жұмыс істейтін бригада, оның ішінде 9 дәрігерлік (мамандандырылған) және 60 фельдшерлік бригада. Кадрлармен жасақталу 88,5% - ды, қоса атқарылу коэффициенті 1,49-ды құрайды.
109 бірлік санитарлық автокөлік бар, қамтамасыз ету 100% құрайды. Ескірген автокөліктердің орнына қосымша 58 бірлік сатып алуға лизинг шарты жасалды. Санитарлық көліктің жалпы тозуы 40%. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 92-ден 96% - ға дейін артты.
Соңғы 4 апта ішінде жедел жәрдем шақыру саны 21,5% - ға, оның ішінде коронавирус мәселелері бойынша 58,7% - ға төмендегені байқалады.
Короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында әртүрлі патологиясы бар (созылмалы патология + коронавирустық инфекция) науқастарға қашықтықтан кеңес беру ұйымдастырылды .
Учаскелік дәрігерді үйге шақыру келіп түскен кезде шақыру себептерін анықтау мақсатында тексеру парағын толтыра отырып, науқастарды, сондай-ақ байланыста болған адамдарды шақыру алдын ала жүргізіледі, одан әрі симптомдардың білінуіне және алдын ала диагнозды анықтауға қарай науқастарды сұрыптау жүргізіледі, яғни арнайы мамандардың (невропатолог, кардиолог, эндокринолог) қарауына мұқтаж кім жеке және учаскелік дәрігердің (ЖПД, терапевт) телефон арқылы, сондай-ақ жылжымалы бригаданың үйде тікелей тексеріп-қарауын қажет ететін. 586 кеңес өткізілді, оның ішінде 137 виртуалды консилиум, 449 қашықтан кеңес беру. Диспансерлік топтағы науқастар үшін құрамында дәрігерлер мен мейіргерлерден 147 мобильді бриагада құрылды.
Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар науқастар да назардан тыс қалмайды, олармен қашықтықтан жұмыс істейді және учаскелік медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлер арқылы тегін дәрілік препараттарды үйге жеткізу ұйымдастырылған.
Қашықтықтан кеңес беру жоспарында Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының тар мамандары ПМПҚ ұйымдарымен алдын ала келісім бойынша бейне кеңес жүргізеді (маман дәрігерінің электрондық поштасына, учаскелік дәрігер науқасты тексерудің сканерленген нұсқаларын жібереді, содан кейін эфирге шығу күні белгіленеді, оның нәтижелері бойынша науқас ем алады).
Қашықтықтан кеңес беру деректері көбінесе ересек тұрғындар арасында жүргізіледі. Учаскелік дәрігерлер науқас баланың жағдайының ауырлығын дәлірек бағалау үшін балаларға үйге баруға тырысады.
Сонымен қатар, ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «COVID-19» баспасөз орталығының жұмысы ұйымдастырылғанын хабарлаймыз, ол денсаулық сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг пен талдау жүргізеді.
Сондай – ақ, Call-орталық жұмыс істейтін (қала үшін 55-14-14, аудандар мен Степногорск қаласы үшін 7-99-75, түнгі уақытта 8-778-096-59-59) ситуациялық-талдау орталығының жұмысын атап өткен жөн 8-(7162)-72-32-86).
Пандемия кезінде келіп түскен қоңыраулардың жалпы саны 8.5 мыңнан асты.
«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі 2020 жылғы 8 қазандағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Ахуалдық орталық жанынан мониторингтік топтардан, қоғамдық мониторинг топтарынан ақпарат қабылдау және ақпаратты уақтылы беру жөніндегі үйлестіру орталығының жұмысы ұйымдастырылды (шұғыл хабарламалар), белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.
2020 жылғы 03 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) зертханалық расталған 3805 жағдай тіркелді, соңғы тәулікте COVID -19 оң нәтижесімен 28 адам тіркелді, 322 ем алуда, 3406 шығарылды, оның ішінде ауру симптомдары бар 1659 жағдай және 2146 симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайы тіркелді.
COVID -19 – дан 77 өлім жағдайы тіркелді, өлім көрсеткіші 2,1 құрады (мақсатты мәні-1,6-дан аспайды). (100 мың тұрғынға шаққанда өлім-жітім көрсеткіші 10,5).
Жалпы, өңірде коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдай тұрақты болып қалуда.