Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы негізінде «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы қажет екенін хабарлайды.
Қаулы жобасымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.