Көкшетау қ. 10.01.2025 ж
Сатып алудың ұйымдастырушы: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215 кабинет мекенжайында орналасқан.
Банк деректемелері: БСН 651040000016, ЖСК KZ26070102KSN0301000 KZT, БСК KKMFKZ2A, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ.
Тапсырыс беруші: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215 кабинет.
Ақмола облысының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сәтпаев көшесі 1 А «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығын басшылыққа ала отырып тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, фармацевтикалық қызметтер жүйесінде вакциналарды 2025 жылға арналған тендерлік тәсілмен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
|
Лот |
Сатып алынатын вакциналардың халықаралық патенттелмеген сауда атаулары, қысқаша сипаттамасы |
Жеткізу орны |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Бағасы (теңге) 1 бірлік үшін |
Жалпы сомасы (теңге) |
Жеткізу мерзімі |
|
№ 1 Лот |
Туляремияға қарсы вакцина |
«Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Вернадский көшесі, 5
|
доз |
1975 |
2800,0 |
5 530 000,0 |
Шарт жасалған сәттен бастап 20 күнтізбелік күн |
|
№2 Лот
|
Сібір жарасына қарсы вакцина |
доз |
2260 |
4500,0 |
10 170 000,0 |
||
|
Жалпы сомасы 15 700 000,0 |
|||||||
Жабық конверттерде тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау (тіркеу) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215-кабинет, мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі мекенжайы бойынша 2025 жылғы 31 қаңтар 09 сағат 30 минутта аяқталады.
Тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 214 кабинет (конференц-зал) мекенжайы бойынша 2025 жылғы 31 қаңтар 11 сағат 30 минутта өтеді.
Тендерлік құжаттама пакетін Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215 кабинет, материалдық-техникалық жарақтандыру және Мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша немесе Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының сайтында алуға болады http://zdrav.akmo.gov.kz.
Тендерлік комиссияның құрамы:
Тендерлік комиссияның төрағасы
Иванова Е. Ю. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, комиссия төрағасы.
С.С. Омарханов «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Тендерлік комиссия мүшелері
Мукашева Г.О. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ана, бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Рүстем З.Қ «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құқықтық қолдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Е.Е. Кушкенов «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының м.а., комиссия мүшесі
Д.К. Тажибаева «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ана, бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Мағауина Г.А. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құқықтық қолдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы,
Запова Е.А. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Вакциналарды жеткізуді жеткізуші сатып алу шартының талаптары бойынша жүзеге асырады.
Жеткізу мерзімі сатып алу шартының жалпы қолданылу мерзімі шегінде айқындалады, Тапсырыс берушімен келісу бойынша күнтізбелік күнмен немесе уақыт кезеңімен айқындалуы мүмкін. Мерзімінен бұрын жеткізу тапсырыс берушінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттаманың ережелеріне, қағидаларға және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін жазбаша нысанда кері қайтарып алады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Тендерге қатысу үшін құжаттар «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.