Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды 2025 жылға тендер өткізу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

Көкшетау қ.                                                                                                                    10.01.2025 ж

 

Сатып алудың ұйымдастырушы: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215 кабинет мекенжайында орналасқан.

Банк деректемелері: БСН 651040000016, ЖСК KZ26070102KSN0301000 KZT, БСК KKMFKZ2A, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ.

Тапсырыс беруші: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215 кабинет.

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сәтпаев көшесі 1 А «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2025 жылға арналған мынадай дәрілік заттарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:

Лот

Халықаралық жалпы атауы

Сауда атауы

Тауарлардың толық сипаттамасы (сипаттамасы) (шығару нысанын және дозасын көрсете отырып)

өлшем бірлігі

саны

Бағасы (теңге)

1 бірлік үшін

Жалпы сомасы

(теңге)

Жеткізу орны

Жеткізу мерзімі

№ 1 лот

Иммуноглобулиндер, тамырішілік енгізу үшін адам қалыпты

ОКТАГАМ™

инфузияға арналған ерітінді 10% 20 мл

құты

180

81 974,66

14 755 438,8

"Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" КММ, Ақмола облысы,

Көкшетау қ.,

Вернадский көшесі, 5

 

Шарт жасалған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн

Сатып алудың жалпы сомасы                                                                                                   14 755 438,8                                                                                                                                                                                             

Мөрленген конверттерде тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау (тіркеу) 2025 жылғы 1 Ақпанда 09 сағат 30 минутта, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206 кабинет мекенжайы бойынша аяқталады.

Тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 214 кабинет (конференц-зал) мекенжайы бойынша 2025 жылғы 1 ақпанда сағат 11: 30-да өтеді.

Тендерлік құжаттама пакетін Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 215 кабинет, материалдық-техникалық жарақтандыру және Мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша немесе Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының сайтында алуға болады http://zdrav.akmo.gov.kz.

Тендерлік комиссияның құрамы:

Тендерлік комиссияның төрағасы

С.С. Омарханов «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, комиссия төрағасы

С.Е. Толукбаев «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді талдау және бақылау бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары

Тендерлік комиссия мүшелері

Мукашева Г.О. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ана, бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі.

Рүстем З.Қ құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі

Шайкенова М.Е. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді талдау және бақылау бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі

Мағауина Г. А. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі

Е.Е. Кушкенов «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының м.а., комиссия мүшесі

Запова Е. А. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ материалдық-техникалық жарақтандыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

Дәрілік заттарды жеткізуді өнім беруші сатып алу шартының талаптары бойынша жүзеге асырады.

Жеткізу мерзімі сатып алу шартының жалпы қолданылу мерзімі шегінде айқындалады, Тапсырыс берушімен келісу бойынша күнтізбелік күнмен немесе уақыт кезеңімен айқындалуы мүмкін. Мерзімінен бұрын жеткізу тапсырыс берушінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттаманың ережелеріне, қағидаларға және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес.

Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін жазбаша нысанда кері қайтарып алады.

Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Тендерге қатысу үшін құжаттар «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Дата публикации
10 января 2025