Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – МКҚК) директоры.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК мекенжайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Глинин көшесі 54.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру және басқару, кәсіпорынның негізгі қызметіне сәйкес міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқалар.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
жоғары медициналық/фармацевтикалық білім, педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысушылар үшін: Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу қажет.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай адамдар қабылданбайды: он сегіз жасқа толмаған, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, ҚР заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
МКҚК басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы тігілген мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) құжаттардың көшірмелері
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)» № 075/у нысаны бойынша анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін мына мекенжай бойынша аяқталады: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1Б «Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ.
Анықтама телефоны - 87162722638.
Барлық құжаттар, сондай-ақ адамның Қағидалардың талаптарына сәйкестігі болған кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.