Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды
2024 жылға тендер өткізу тәсілімен сатып алуды
өткізу туралы хабарландыру
Көкшетау қ. 29.10.2024 ж
Сатып алудың ұйымдастырушы: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206 кабинет мекенжайында орналасқан.
Банк деректемелері: БСН 651040000016, ЖСК KZ26070102KSN0301000 KZT, БСК KKMFKZ2A, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ.
Тапсырыс беруші: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206 кабинет.
«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сәтпаев көшесі 1 А «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2024 жылға арналған мынадай дәрілік заттарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
|
Лот |
Сатып алынатын дәрілік заттардың (сауда атауы - жеке төзімсіздік жағдайында)және медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары, қысқаша сипаттамасы |
Жеткізу орны |
өлшем бірлігі |
саны |
Бағасы (теңге) 1 бірлік үшін. |
Жалпы сомасы (теңге) |
Жеткізу мерзімі |
|
№ 1 Лот |
NaCl гипертониялық ерітіндісі гиалурон қышқылымен, 7% 4 мл ингаляциялық ерітінді |
«Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Вернадский көшесі, 5 |
контейнер |
1920 |
2489 |
4 778 880 |
Шарт жасалған сәттен бастап 20 күнтізбелік күн |
|
Сатып алудың жалпы сомасы 4 778 880 |
|||||||
Мөрленген конверттерде тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау (тіркеу) 2024 жылғы 20 қарашада сағат 14:00-де аяқталады, мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206 кабинет.
Тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 214 кабинет (конференц-зал) мекенжайы бойынша 2024 жылғы 20 қарашада сағат 16.00-де өтеді.
Тендерлік құжаттама пакетін Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206 кабинет құқықтық қолдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және мемлекеттік сатып алу бөлімінде немесе Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының сайтынан алуға болады http://zdrav.akmo.gov.kz.
Тендерлік комиссияның құрамы:
С.Е. Толукбаев «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары м.а., комиссия төрағасы.
А.С. Калдыбаева «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Тендерлік комиссия мүшелері
Г.О. Мукашева «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ана , бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі.
Г.А. Магауина «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
З.Қ Рүстем «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құқықтық қолдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі.
Е.А. Запасова «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құқықтық қолдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Дәрілік заттарды жеткізуді өнім беруші сатып алу шартының талаптары бойынша жүзеге асырады.
Жеткізу мерзімі сатып алу шартының жалпы қолданылу мерзімі шегінде айқындалады, Тапсырыс берушімен келісу бойынша күнтізбелік күнмен немесе уақыт кезеңімен айқындалуы мүмкін. Мерзімінен бұрын жеткізу тапсырыс берушінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттаманың ережелеріне, қағидаларға және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін жазбаша нысанда кері қайтарып алады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Тендерге қатысу үшін құжаттар «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.