«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақмола облысы әкімдігінің

2021 жылғы 31 наурыздағы                №А-4/144 қаулысымен

бекітілген

 

 

         «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға қарасты ұйымдары бар.
  3. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық  қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
  12. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. Миссиясы: Ақмола облысы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
  2. Міндеттері:

1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік реттеу;

2) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

денсаулық сақтау бюджеттік бағдаралмалар әкімшілерінің функцияларын жүзеге асырады;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және оның шығындарын өтеу бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілерін таңдауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сатып алуды іске асырады;

амбулаторлық деңгейде - өкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлардың аясында;

медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника, медициналық емес жабдықтар, санитарлық автокөлік, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеулер жүргізуге қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық желілер, ақпараттық жүйелер мен өңірлік электронды ақпараттық ресурстарын құру және қызмет атқаруын қамтамасыз етеді;

жоғары және орта медицина білім беру орындарына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базаларды ұсынады;

төтенше жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді, тегін медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастырады;

денсаулық сақтау саласында өңіраралық және халықаралық әріптестікті іске асырады;

медициналық және фармацевтикалық кадрларды қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау бойынша қызметті үйлестіреді және ұйымдастырады;

салауатты өмір салтын және салауатты тамақтануды қалыптастырып насихаттау мен гигиеналық оқуды ұйымдастырады;

айналасындағыларға қауіп келтіретін әлеуметтік-маңызды аурулар мен аурулардың таралуы туралы халықты ақпараттандырады;

азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет етеді;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде денсаулық сақтау саласынында ведомстволық статистикалық бақылауды іске асырады;

ведомствоға қарасты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзырлығына аттестаттау жүргізеді;

мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басқа да өкілеттіліктерді іске асырады.

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттемелері:

мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан құжаттарды,                                 сондай-ақ «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;

ведомствоға қарасты медициналық ұйымдардың қызметіне  әдістемелік жетекшілік етуді  жүзеге асырады;

медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша құрылтайшы орган мен медициналық ұйымдардың әлеуметтік серіктестікті  дамытуына  ықпал етеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында  қарастырылған өзге де  өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
  2. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басшысының өкілеттігі:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствосына бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдігін,  сонымен қатар  ведомствоға бағынысты ұйым басшыларының, мамандардың құқықтарын   және міндеттерін анықтайды;

 «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін ұсынады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын  марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің және ведомствоға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап береді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген жайдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша

 

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

 

  1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  2. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «№2 Көпбейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  3. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  4. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  5. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  6. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  7. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  8. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  9. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкшетау көпбейінді қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  10. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  11. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  12. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «№1 Қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  13. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  14. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  15. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақкөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  16. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Аршалы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  17. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Астрахан аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  18. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  19. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Бұланды орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  20. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Бурабай көпбейінді ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  21. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  22. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Біржан сал ауданының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  23. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ерейментау аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  24. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Есіл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  25. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  26. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жарқайың аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  27. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Зеренді аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  28. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Қорғалжын аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  29. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  30. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
  31. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  32. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  33. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  34. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкше» облыстық оңалту орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  35. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Бурабай» облыстық балаларды оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

  1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Щучье балалар үйі» мемлекеттік мекемесі;
  2. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
08 ноября 2021