Ақмола облысында денсаулық сақтау саласында 4 МЖӘ жобасы бойынша шарттар жасалды, оның ішінде 3 жоба өтемақы инвестициялық шығындарын өтеумен:
- "Авиценна-Бурабай" ЖШС мен денсаулық сақтау басқармасы арасында 12.06.17 ж.Бурабай ауданының объектілерін сенімгерлік басқаруға беру туралы н/ж МЖӘ Шарты жасалды: жобаның құны 2,3 млрд. теңге; жобаны іске асыру мерзімі 30 жыл (2017-2047 ж. ж.). Жекеше әріптес МЖӘ объектісін реконструкциялауды, жаңғыртуды, сыртқы инженерлік желілер мен қазандық салуды жүзеге асырады. Осы жобадағы мемлекеттік қолдау шарасы өтемдік инвестициялық шығындарды өтеу болып табылады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) шарт талаптарының елеулі бұзылуына байланысты МЖӘ шартын бұзу бөлігінде талап-арыз жұмыстарын жүргізуде.
- "Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы" ШЖҚ МКК-да компьютерлік томографты жеткізу және сервистік қызмет көрсету "LGROUP" ЖШС-мен МЖӘ шеңберінде 12.02.2019 ж. №1 шарт жасалды: жобаның құны 381,6 млн. теңге; жобаны іске асыру мерзімі 3 жыл (2019-2021 ж. ж.); сонымен бірге Шартқа сәйкес мемлекеттік әріптес Шартта көрсетілген мерзім ішінде өтемдік-инвестициялық және операциялық шығындарды өтейді.
- Ағымдағы жылдың мамыр айында "Lgroup" ЖШС-мен "Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК желілік бригадаларға арналған 30 жылжымалы медициналық жедел жәрдем кешенін жеткізуге №2 шарт жасалды: жобаның құны 790,0 млн.теңге; жобаны іске асыру мерзімі 5 жыл (2019-2023 ж. ж.). Мемлекет тарапынан қолдау түрі өтемақылық инвестициялық шығындарды төлеу болып табылады.
- "Атбасар қаласында гемодиализ орталығын ашу" МЖӘ жобасы: жобаның құны 37,0 млн.теңге, жеке әріптес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу қызметтерін көрсетеді. Мемлекеттік қолдау шарасы: жекеше әріптестің коммуналдық қызметтерді төлей отырып, мемлекеттік ұйымда үй-жайды өтеусіз ұсынуы. Шарт "B. B. NURA" ЖШС-мен 2019 жылғы тамыздан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалды.
Байланыс деректері:
Экономика, жоспарлау, бюджеттік бағдарламалар және МЖӘ жобаларын іске асыру бөлімінің басшысы - Уразаева Динара Сапаровна;
Экономика, жоспарлау, бюджеттік бағдарламалар және МЖӘ жобаларын іске асыру бөлімінің маманы — Жүсіпбекова Маржан Бауржанқызы.
Тел.: 40-26-27