2017 жылға арналған мемлекеттiк қызметтердi ұсыну бойынша мемлекеттiк орган қызметiнiң есебi

2016 жылға арналған мемлекеттiк қызметтердi ұсыну бойынша мемлекеттiк орган қызметiнiң есебi

Денсаулық сақтау басқармасында мемлекеттiк қызметтер саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде жұмыс жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтердiң ұсынылуын талдау «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына мемлекеттiк бақылау Қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi министрiнiң 2016 жылғы 16 ақпандағы «№35 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады және заңдылық, объективтiлiк, ашықтық және сенiмдiлiк қағидаттарына негiзделген.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттiк қызметтердiң бекiтiлген тiзiлiмiне сәйкес, мемлекеттiк қызметтердiң 22 түрiн ұсынуды iске асырады: атап айтқанда, 5 мемлекеттiк қызмет тiкелей мемлекеттiк органмен көрсетiледi, 17 түрi ведомствоға бағынысты ұйымдар көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн 40 медициналық ұйым: 27 аурухана, 5 емхана, диспансер 6, 2 санаторий қоса алғанда. Мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн қызметкерлер саны — 730 адам.

Дата публикации
03 августа 2020