2022.08.09 А-9/426
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ақмола облысының медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейiнгi өңiрлiк перспективалық жоспарын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 10 тамыздағы № А-8/406 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақмола облысының медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейiнгi өңiрлiк перспективалық жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Е.М. Рамазановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.