Негізгі міндеттері мен функциялары

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мақсаттары

1)денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және денсаулық сақтаудың өңiрлiк бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2)денсаулық сақтау, бiлiм және ғылым саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындауын қамтамасыз ету;

3)тегiн ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң аясында азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен, дәрi-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының функциялары

Басқарма өз құзыреттiлiгiнiң аясында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген келесiдей қызметтердi:

1) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторингтi және бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) денсаулық сақтау бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi медициналық фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемдi көрсету аясында дәрi-дәрмек құралдарын, алдын алу препараттарын (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) сатып алуды:

амбулаториялық деңгейде — уәкiлеттi органмен бекiтiлген тiзбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде — дәрi-дәрмек формулярларының шегiнде жүзеге асырады;

5) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, санитарлық техниканы сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi жөндеуге қызметтердi ұйымдастырады;

6) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;

7) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының жарақтандырылуын қамтамасыз етедi;

8) денсаулық сақтау саласында өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық тораптарды құруды және олардың қызмет етулерiн қамтамасыз етедi;

9) жоғарғы және орта медициналық оқу орындары үшiн, жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына клиникалық базаларды ұсынады;

10) тегiн медициналық көмек көрсетудi, төтенше жағдайлар кезiнде дәрi-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

11) медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта дайындау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

12) гигиеналық оқытуды, салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау мен оны қалыптастыруды ұйымдастырады;

13) халықты қоршаған ортаға қауiптi әлеуметтiк маңызы бар аурулар мен сырқаттардың таралуы туралы хабардар етедi;

14) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара қатынас жасасады;

15) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аясында денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асырады;

16) ведомстволық бағынышты мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiби құзыреттiлiгiне аттестациялауды өткiзедi;

17) медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;

18) гендерлiк саясаттың мiндеттерiн орындауды қамтамасыз етедi;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласында өзге де уәкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

Негізгі міндеттері мен функциялары
Дата публикации
30 апреля 2020