Ақмола облысының жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік органының мемлекеттік қызметшілері арасында "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1 «А», 218 кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(7162)55-11-98 электрондық мекен-жайы: dzo@akmzdrav.kz (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан(mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысының жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік органының мемлекеттік қызметшілері арасында "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Экономика, жоспарлау, бюджеттік бағдарламалар және МЖӘ жобаларын іске асыру бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Облыстың денсаулық сақтау ұйымдары бойынша шығыстардың жиынтық сметасын жасауды, ақылы медициналық қызметтерге бағалар прейскуранттарын әзірлеуді басқарады. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бюджеттік бағдарламаларға, Стратегиялық жоспарға және МЖӘ жобаларына қаржы қаражатының есептеулерін тексереді. Медициналық ұйымдарда ұтымды қаржы - шаруашылық қызметті ұйымдастыруға, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын мақсатқа сай пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Облыстың медициналық ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін талдайды. Облыстың медициналық кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді.

МЖӘ жобалары бойынша талдамалық материалдарды жинақтайды және дайындайды. Облыстың медициналық ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету бойынша, жұмыстарды жүзеге асырады.

Грейд 5 Блок В

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

экономика немесе бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттерге ие болуы:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде жұмыс істейтін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі.Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей "Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі.Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) белгіленген нысан өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің(кадр қызметінің) оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар "Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

"Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан
_________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_________________________________________________________________

________ ______________________________
қолы (Тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
06 апреля 2022