Ақмола облысының "Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сәтпаев көшесі 1 А Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысын басшылыққа ала отырып, тендер өткізу тәсілімен вакциналарды сатып алуды жариялайды:
| Лот | Сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары | Жеткізу орны | Бірлік өлшеу. | Вакцинациялауға жататын адамдардың саны | Саны | Бағасы (теңге)1 бірлік үшін | Жалпы сомасы(теңге) | Жеткізу мерзімі |
| Лот№ 1 | сибиреязвенная вакцинасы | "Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақмола облысы,Көкшетау қ.,Вернадский көшесі, 5 | доз | 1000 | 1200 | 6000,0 | 7 200 000,0 | До 1.06.2022года |
| Лот№ 2 | Туляремияға қарсы Вакцина | доз | 2000 | 2700 | 2050,0 | 5 535 000,0 | ||
| Лот№ 3 | Туляремия аллергені (Тулярин) | литр | 106 | 0,02 | 4950000,0 | 99 000,0 | ||
| Итого | 12 834 000 |
Жабық конверттерде тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау (тіркеу) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206-кабинет, Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі мекенжайы бойынша 2022 жылғы 18 Сәуірде 09 сағат 30 минутта аяқталады.
Тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 214 кабинет (конференц-зал) мекенжайы бойынша 2022 жылғы 18 сәуірде 11 сағат 30 минутта өтеді.
Тендерлік құжаттама пакетін Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ. Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 206 кабинет, Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі мекенжайы бойынша немесе Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының сайтынан алуға болады http://zdrav.akmo.gov.kz.
Вакциналарды жеткізуді өнім беруші сатып алу шартының талаптары бойынша жүзеге асырады.
Жеткізу мерзімі сатып алу шартының жалпы қолданылу мерзімі шегінде айқындалады, Тапсырыс берушімен келісу бойынша күнтізбелік күнмен немесе уақыт кезеңімен айқындалуы мүмкін. Мерзімінен бұрын жеткізу тапсырыс берушінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттаманың ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес тендерлік өтінімдерді жасайды және ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін жазбаша нысанда кері қайтарып алады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Тендерге қатысу үшін құжаттар "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.