Ақмола облысының "Денсаулық сақтау басқармасы" ММ Ақмола облысы, Біржан Сал ауданы, Степняк қаласы , Абсалям Кажы көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Біржан Сал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы «Біржан Сал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі қызметі халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.

Конкурс Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында өтеді:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева көшесі - 1А,телефон 8 (7162)
55-11-98 электронный адрес: : dzo@akmzdrav.kz,
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігер) үшін:

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; ұйымның қызметін басқарудың экономикалық әдістері және талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік практикалар; халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын Статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар; Төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру білуі керек.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1А, 207 кабинетке келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) 075-Уформасындағы медициналық анықтамасы;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап,

сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева, 1А көшесіндегі Ақмола облысының Деңсаулық сақтау басқармасында өтеді.

Дата публикации
02 февраля 2022