Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы «Бiржан Сал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының негiзгi қызметi халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
Конкурс Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында өтедi:
020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева көшесi — 1А,телефон 8 (7162)
55-11-98 электронный адрес: : dzo@akmzdrav.kz,
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрiгер) үшiн:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары бiлiм, "денсаулық сақтау менеджментi" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткенi туралы куәлiк және (немесе) тиiстi мамандық бойынша бiлiктiлiк беру туралы куәлiк немесе "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары бiлiм немесе "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм немесе МВА executive немесе full time дәрежесi, Денсаулық сақтау саласындағы менеджердiң, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтiлi кемiнде 2 жыл;
Медициналық қызметтi (дәрiгерлiк практиканы) жүзеге асыру үшiн — кәсiби құзыреттерiнiң болуы: дәрiгердiң бiлiктiлiгiне (бейiнi бойынша) бiрiншi (жоғары) бiлiктiлiк санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестiгi, клиникалық практикаға жiберу үшiн маман сертификаты.
2. Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiн, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiн, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Кодексiн, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiн, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңы; қазiргi заманғы басқару қызметiнiң стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектiлерi; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметiнiң негiздерi; ұйымның қызметiн басқарудың экономикалық әдiстерi және талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздiк практикалар; халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын Статистика, өлшемдер мен көрсеткiштер; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетiстiктерi, денсаулық сақтауды басқарудағы үздiк халықаралық тәжiрибе; еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк жөнiндегi қағидалар мен нормалар; Төтенше жағдайлар кезiнде қызметтi ұйымдастыру бiлуi керек.
Конкурсқа қатысу үшiн конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн iшiнде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесi, 1А, 218 кабинетке келесi құжаттарды ұсынуы қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
5) еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
6) 086-Уформасындағы медициналық анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға жiберiлген адамдардың тiзiмiн бекiткен күннен бастап,
сұхбатқа жiберiлген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева, 1А көшесiндегi Ақмола облысының Деңсаулық сақтау басқармасында өтедi.