«Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы баспасөз хабарлама
Осы шешімнің жобасы донорлық фукнцияны өтеусіз негізде жүзеге асыратын қан донорларына қосымша көтермелеу мөлшерін арттыру үшін енгізіледі.
Облыстық қан орталығының негізгі міндеті ауруханалардың емдеу процесі және олардың азаймайтын қорын толықтыру үшін қан компоненттері мен препараттарына деген қажеттілігін тәулік бойы қамтамасыз ету болып табылады. Ақмола облысының 23 медициналық ұйымы қан өнімдерін тұтынушылар болып табылады.
Қан компоненттерінің қажетті мөлшерін дайындау жылына 8 мың донациямен қамтамасыз етіледі. Мәселен, 2018 жылғы есептік деректер бойынша 9205, 2019 жылы – 8912, ал 2020 жылы – 7760 қан мен оның компоненттерін донациялау жүзеге асырылды. 98% - дан астам жағдайларда донорлық көмекті тұрғындар ақысыз негізде көрсетеді.
Халықты қан мен оның компоненттерінің донорлығына тарту мақсатында Облыстық қан орталығы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаражат есебінен 0,75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз донорларға ақшалай көтермелеу төлеуді жүзеге асырады.
Жобамен «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме арқылы толағырақ танысуға болады https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=12290247