2021 жылға арналған дәрілік заттарды сатып алу туралы хабарлама
«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысын (бұдан әрі – қағида) басшылыққа ала отырып, дәрілік затын сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жариялайды.
Желімделген конверттерде тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау (тіркеу) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 212 кабинет, Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі мекенжайы бойынша 2021 жылғы 22 қазан сағат 09. 30 минутқа дейін жүзеге асырылады.
Тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 214 кабинет (конференц-зал) мекенжайы бойынша 2021 жылғы 22 қазан сағат 11. 30 минутта өтеді.
|
Лот |
Сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары (саудалық атауы-жеке көтере алмаушылық жағдайында) |
Жеткізу орны |
Өлшем бірл. |
Саны |
Шекті баға (теңге)
|
Жалпы сомасы (теңге) |
Жеткізу мерзімі |
|
№1 ЛОТ |
Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин,т/і арналған ерітінді 1000 ЕД/10мл |
«Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Вернадский көшесі, 5 |
флакон |
25 |
58 632,22 |
1 465 805,5 |
Шарт жасалған сәттен бастап 45 күнтізбелік күн |
|
№2 ЛОТ |
Валганцикловир таблеткасы 450 мг. |
«Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Вернадский көшесі, 5 |
таблетка |
120 |
1 043,57 |
125 228,4 |
Шарт жасалған сәттен бастап 45 күнтізбелік күн |
Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын ұсынады. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын» 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 бұйрығына (бұдан әрі-Қағидалар), Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі сұрау салудың және сатып алудың үлгі шартының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың талаптарын сақтай отырып, тауарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.
Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайларда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Жеңімпаз сатып алудың тапсырыс берушісіне Қағидалардың 102-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, жеңімпаз деп танылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.