«Вальцитраблетка 450 мг.» дәрілік затты сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысын (бұдан әрі – қағида) басшылыққа ала отырып, «Вальцит R таблетка 450 мг.» дәрілік затын сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жариялайды.

Баға ұсынысымен желімделген конверттерді қабылдау Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 212 кабинет, Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі мекенжайы бойынша 2021 жылғы 14 қыркүйекте сағат 16. 00 минутқа дейін жүзеге асырылады.

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 1 А корпусы, 214 кабинет (конференц-зал) мекенжайы бойынша 2021 жылғы 14 қыркүйекте сағат 17. 30 минутта өтеді.

 

Лот Сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары (саудалық атауы-жеке көтере алмаушылық жағдайында) Жеткізу орны Өлшем бірл. Саны Шекті баға (теңге) Жалпы сомасы (теңге) Жеткізу мерзімі
1 Вальцит® , таблетка 450 мг «Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Вернадский көшесі, 5 таблетка 120 912,75 109530 Шарт жасалған сәттен бастап 60 күнтізбелік күн
  Барлығы         109530  

 

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын ұсынады. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі сұрау салудың және сатып алудың үлгі шартының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың талаптарын сақтай отырып, тауарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.

Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайларда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Жеңімпаз сатып алудың тапсырыс берушісіне Қағидаларға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, жеңімпаз деп танылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.

«Вальцитраблетка 450 мг.» дәрілік затты сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру
Дата публикации
06 сентября 2021