ШЖҚ "Жақсы аудандық ауруханасы" МКК бас дәрігері
Ақмола облысының "Денсаулық сақтау басқармасы" ММ Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 29 мекенжайы бойынша орналасқан Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 29 көшесінде орналасқан «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының» ММ қарамағындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі қызметі халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
Конкурс Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында өтеді:
020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева көшесі - 1А,телефон 8 (7162)
55-11-98 электронный адрес: : dzo@akmzdrav.kz,
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
1.Тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен, біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті профилі және кәсіптік білім деңгейіндегі жоғары медициналық білім;
2. Ең кемі 5 жыл бойы денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі.3.Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, 2016-2019 жж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы,денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттеуді білуі керек.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1А, 218 кабинетке келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі;
6) 086-Уформасындағы медициналық анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап,
сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева, 1А көшесіндегі Ақмола облысының Деңсаулық сақтау басқармасында өтеді.