Ақмола облысының
медициналық ұйымдарының
инфрақұрылымын
дамытудың 2030 жылға дейінгі
өңірлік перспективалық
жоспарын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Ақмола облысының медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік перспективалық жоспары бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.