Меню

Страницы

Статья

Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу туралы Ақпарат

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы күшіне енді.

Осы Заң жануарларды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарларға қарау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ Жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларға жауапты қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтар ұғымы– иесін анықтау мүмкін емес, иесінен қалып қойған, немесе жауапты адам тарапынан қадағалаусыз қалған иттер мен мысықтар.

 Адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін қаңғыбас иттер мен мысықтарды ортадан алып қоюдың (аулау және жансыздандыру) мақсаты аса қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының, адамдарды тістеген және шабуыл жасаған жағдайлардың алдын алу және болдырмау болып табылады.

Жиі кездесетін аурулардың бірі-құтыру, қаңғыбас иттер мен мысықтар құтыру вирусының тасымалдаушысы бола отырып, байланыс арқылы (шабуыл, тістеу) инфекцияны жұқтыруға  әкеліп соғады және адам мен жануарлардың денсаулығына зиян келтіреді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыру, «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау», «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру», «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» иттер мен мысықтардың адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жағдай жасауға, санитариялық – эпидемиологиялық, ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге және қаңғыбас жануарлардың санын бақылауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15 бабы, 4 тармағына сәйкес «Жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда» жануарларды жансыздандыруға рұқсат етіледі.

Ақмола облысының ветеринария басқармасы (одан әрі-Басқарма) "Ақмола облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидасы", "Ақмола облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидасы" дайындалып, Ақмола облыстық  мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №7С-20-7, №7С-20-8 шешімдерімен бекітілді.

Басқарма келесі бюджеттік бағдарламаларға әкімші болып табылады (719);

010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды (жансыздандыру)  ұйымдастыру».

032 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау»

033 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру»

034 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру»

          Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша "Жануарларға жауапты қарау туралы" ҚР Заңын іске асыру үшін облыс әкімдігімен қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу үшін облыстық бюджеттен  қаржы бөлінді.

Басқарма конкурс өткізу үшін техникалық сипаттама әзірледі. Әкімшілік рәсімдер өткізілгеннен кейін конкурс жеңімпазын анықтау үшін тиісті бағдарламалар бойынша Мемлекеттік сатып алулар жарияланады. (қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды (жансыздандыру) ұйымдастыру; қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау; қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру; қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру).

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазымен қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жөніндегі жұмыстарды орындауға шарт жасалатын болады.

Жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысуға шақырамыз.

Дата публикации
04 октября 2022
Дата обновления
04 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Астрахан ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп
Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Атбасар ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы