1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс халқының денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 67.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
2021 жылы мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсетті:
Ветеринариялық анықтама беру;
Ветеринариялық паспорт беру.
«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1694.
тегін негізде екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
"Ветеринариялық анықтама беру", 2021 жылы барлығы 566 қызмет көрсетілді;
"Ветеринариялық паспорт беру" қызметі 2021 жылы барлығы 1128 қызмет көрсетті.
қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
«Ветеринариялық анықтама беру»;
«Ветеринариялық паспорт беру».
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3 («ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығы, «ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы, «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 Бұйрығы).
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы ең қажетті мемлекеттік қызмет Ветеринарлық анықтама беру болып табылады.
2021 жылы ведомстволық бағынысты ұйымдармен қағаз жеткізгіште 566 қызмет көрсетілді.
ӨИС деректер базасын «электрондық үкімет» порталымен интеграциялаудың болмауы есебінен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ӨИС ДБ ақпаратын енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана қолжетімді.
Салыстырмалы кесте
Ветеринариялық анықтама беру бойынша
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|
631 |
566 |
Ветеринариялық паспорт беру бойынша
|
2020 год |
2021 год |
|
2059 |
1128 |
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан алуға болады – vet.akmo.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, "электрондық үкімет" веб-порталында - www.elisense.kz сондай-ақ 8-716-4354471 телефон бойынша.
1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, Egov mobile баннері бар тақтайшалар мен тіректер сатып алынды.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу үшін талқылауға шығарылған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жоқ.
3) мемлекеттер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар болып табылады.