Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

Ақмола облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс халқының денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Басқарма және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 2021 жылы мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетті:

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

Ветеринариялық анықтама беру;

Ветеринариялық паспорт беру.

«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 57 060.

Ақылы негізде «ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2021 жылы барлығы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;

тегін негізде екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Ветеринариялық анықтама беру», барлығы 2021 жылы 37877 қызмет көрсетілген;

«Ветеринариялық паспорт беру» қызметі 2021 жылы барлығы 19182 қызмет көрсетті.

Электрондық нысанда «ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі (толық автоматтандырылған);

қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Ветеринариялық анықтама беру»;

«Ветеринариялық паспорт беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3 («ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығы, «ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы, «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 Бұйрығы).

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы ең қажетті мемлекеттік қызмет Ветеринарлық анықтама беру болып табылады.

2021 жылы ведомстволық бағынысты ұйымдармен қағаз жеткізгіште 37 877 қызмет көрсетілді.

ӨИС деректер базасын «электрондық үкімет» порталымен интеграциялаудың болмауы есебінен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ӨИС ДБ ақпаратын енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана қолжетімді.

Салыстырмалы кесте

Ветеринариялық анықтама беру бойынша

 2020 жыл

2021 жыл

39706

37 877

Ветеринариялық паспорт беру бойынша

2020 год

2021 год

47 370

19 182

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша

2020 год

2021 год

4

1

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан алуға болады – vet.akmo.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, «электрондық үкімет» веб-порталында - www.elisense.kz сондай-ақ 8-716-2-72-29-08, 50-43-96 телефондары бойынша.

Ветеринария басқармасында және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда 20 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар, Egov mobile баннері бар тақтайшалар мен тіректер сатып алынды.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар ақпараттық стенділер орналастырылған.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу үшін талқылауға шығарылған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жоқ.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық және қалалық ветеринариялық станциялармен ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша 4 кеңес өткізілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және оны көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында (облыстық газеттерде) мемлекеттік қызметтер бойынша 2 мақала жарияланды.

Басқармада қызмет алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызмет көрсету процесі туралы консультациялық-түсіндіру жұмыстарын құзыретті түрде жүргізеді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Басқарма жүйелі негізде қызмет алушылардан талап етілетін құжаттардың мерзімі мен санын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.

 

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

Әкімшілік және құқықтық жұмыс бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқық қолдану практикасы мәселелері бойынша тұрақты негізде консультациялар жүргізеді.

Басқарма қызметкерлері міндетті түрде кестеге сәйкес біліктілікті арттырудан өтеді.

2021 жылғы 14 маусымда Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Аталған жоспарды орындау үшін келесі іс-шаралар өткізілді:

- Instagram @aqmola_vet әлеуметтік желісінде 20 тікелей эфир өткізілді;

- 2021 жылғы 29 маусымда ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тыңдаумен онлайн-кеңес өткізілді;

- 2021 жылғы 7 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет көрсету процестері бойынша техникалық оқу өткізілді.

2021 жылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге тартылған 37 қызметкері «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында «мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде қоғамдық қатынастарды реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекет пен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласында қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітті.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Басқарма жүйелі негізде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша тиісті акт шығарылады.

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жауапты тұлғасы 2021 жылы Ақмола облысы ветеринария басқармасы жанындағы «Шортанды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК, Ақмола облысы ветеринария басқармасы жанындағы «Есіл ауданы қаласының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК, Ақмола облысы ветеринария басқармасы жанындағы «Егіндікөл ауданы қаласының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК, Ақмола облысы ветеринария басқармасы жанындағы «Бұланды ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК, Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Ақкөл ауданы қаласының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ұсынымдар шығарылды. Бақылау объектілері ұсынымдарының орындалуы тұрақты бақылауда.

Ақмола облысының ветеринария басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық мемлекеттік қызметтері уақытылы көрсетілді, қызмет көрсету кезінде артық құжаттарды талап ету анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Одан әрі тиімділік мақсатында: осы мәселе бойынша есеп беретін мемлекеттік органдар жұмысының жай-күйіне талдау жасау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинарлары, дәрістер, аудандар мен қалалар әкімдіктеріне шығу жалғастырылатын болады.

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы Аршалы ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Ерейментау ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы