Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі

Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

     " Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы " ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс халқының денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

     Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы ш№Ұзақбаев көшесі, 21.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

      Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсетуді жүзеге асырды:

Ветеринариялық анықтама беру;

Ветеринариялық паспорт беру.

     "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

      2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1420.

     Тегін негізде екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

    "Ветеринариялық анықтама беру", 2025 жылы барлығы 1409 қызмет көрсетілді;

    "Ветеринариялық паспорт беру" 2025 жылы барлығы 11 қызмет көрсетілді.

"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі, 2025 жылы барлығы 0 қызмет көрсетілді.

     Қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

    "Ветеринариялық анықтама беру";

    "Ветеринариялық паспорт беру".

    

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3 ("ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы, Министрдің бұйрығы "ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 қаулысымен бекітілген, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы)

    3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    Жергілікті деңгейде ветеринария саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет Ветеринариялық анықтама беру болып табылады.

    2025 жылы Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында қағаз жеткізгіште 1409 қызмет көрсетті.

    АШЖБ дерекқор базасының "электрондық үкімет" порталымен интеграциялаудың болмауы есебінен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру АШЖБ ДБ ақпаратын енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана қолжетімді.

 

Ветеринариялық анықтама беру бойынша салыстыру кестесі

2024 жыл

2025 жыл

1578

1409

ветеринариялық паспорт беру бойынша

2024 жыл

2025 жыл

478

11

     

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

     1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан алуға болады – vet.akmo.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, www.elisense.kz-  "Электрондық үкімет" веб-порталында, сондай-ақ 8-716-32-2-19-31 телефондары бойынша.

     Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, тақтайшалар мен тіректер бар Egov mobile баннері сатып алынды.

    Сондай-ақ, қызмет берушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер орналастырылған.

 

    2) мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

    Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін талқылауға шығарылған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жоқ.

 

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

    Көрсетілетін қызметті алушылардың бұқаралық ақпарат құралдарында (облыстық газеттерде) Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 1 мақала жарияланды.

     Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында, көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

    Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында жүйелі түрде көрсетілетін қызметті алушылардан талап етілетін құжаттардың мерзімдері мен санын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

   2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде қоғамдық қатынастарды реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Мемлекет пен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласында қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітті.

 

  

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

  Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

   Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында жүйелі негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша тиісті акт шығарылады.

    Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясында барлық мемлекеттік қызметтері уақтылы көрсетілді, қызмет көрсету кезінде артық құжаттарды талап ету белгіленбеген.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі перспективалары және қызмет алушылардың қанағаттануын көрсетілетін қызмет сапасын арттыру.

     Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда.

    Одан әрі тиімділік мақсатында: Есеп беретін мемлекеттік органдардың осы мәселе бойынша жұмысының жай-күйін талдау, оқыту семинарлары, дәрістер, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандар мен қалалар әкімдіктеріне бару жалғастырылатын болады.

 

 

Дата публикации
26 февраля 2026
Дата обновления
26 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Ақкөл ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы Аршалы ауданының Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Есеп
26 февраля 2026
Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Ерейментау ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы