Ақмола облысының ветеринария басқармасының жанындағы «Бұланды ауданының ветеринариялық станциясы» құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
"Ақмола облысының ветеринария басқармасының жанындағы «Бұланды ауданының ветеринариялық станциясы» ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аудан халқының денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: БСН 1203400014518, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, С.Сейфулина көшесі, 27A.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Бұланды ветеринариялық станциясы 2024 жылы мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетуді жүзеге асырды:
Ветеринариялық анықтама беру;
Ветеринариялық паспорт беру;
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)бойынша.
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1957. тегін негізде екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
"Ветеринариялық анықтама беру", 2024 жылы барлығы 1153 қызмет көрсетілді;
"Ветеринариялық паспорт беру" 2024 жылы барлығы 526 қызмет көрсетілді;
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)бойынша 2024 жылы барлығы 0 қызмет көрсетілді.
Қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
"Ветеринариялық анықтама беру";
"Ветеринариялық паспорт беру";
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)бойынша.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы, Министрдің бұйрығы "ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 362 бұйрығы)
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Жергілікті деңгейде ветеринария саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет Ветеринариялық анықтама беру болып табылады.
2024 жылы Бұланды ветеринарлық станцииясы қағаз жеткізгіште 1153 қызмет көрсетті.
АШЖБ дерекқор базасының "электрондық үкімет" порталымен интеграциялаудың болмауы есебінен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру АШЖБ ДБ ақпаратын енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана қолжетімді.
Ветеринариялық анықтама беру бойынша салыстыру кестесі
|
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1035 |
1153 |
ветеринариялық паспорт беру бойынша
|
2023 жыл |
2023 жыл |
|
922 |
526 |
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан алуға болады – vetstan_bulandu@mail.ru 8-716-46-2-11-46. "
2 Бұланды ветеринарлық станцииясы 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, тақтайшалар мен тіректер бар Egov mobile баннері сатып алынған.
Сондай-ақ, қызмет берушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін талқылауға шығарылған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
Көрсетілетін қызметті алушылардың бұқаралық ақпарат құралдарында (ауданнық газетте) Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 1 мақала жарияланды.
Басқармада, көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Басқарма жүйелі түрде көрсетілетін қызметті алушылардан талап етілетін құжаттардың мерзімдері мен санын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.
Міндетті негізде басқарма қызметкерлері кестеге сәйкес біліктілігін арттырудан өтеді.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында
- Instagram әлеуметтік желісінде Бұланды ветеринариялық станциясы сайттында 1 тікелей эфир өткізілді;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде қоғамдық қатынастарды реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекет пен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласында қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітті.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Бұланды ветеринариялық станциясы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ұсынымдар шығарылды. Бақылау объектілері ұсынымдарының орындалуы тұрақты бақылауда.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда.
Ақмола облысы ветеринария басқармасы осы мәселе бойынша жұмысының жай-күйін талдау, оқыту семинарлары, дәрістер, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету жургізеді.