Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Аршалы аудананың ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Аршалы аудананың ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын  2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Аршалы ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашлық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын  (бұдан әрі – Кәсіпорын) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс халқының денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы к, Алтын Астык 7к.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Кәсіпорын 2024 жылы мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетті:

Ветеринариялық анықтама беру;

Ветеринариялық паспорт беру;

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты түзету.

 

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 5234.

Тегін негізде екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Ветеринариялық анықтама беру», барлығы 2024 жылы 5234 қызмет көрсетілген;

«Ветеринариялық паспорт беру» қызметі 2024 жылы барлығы 0 қызмет көрсетті.

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты түзету» 0 қызмет көрсетті.

 

Қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Ветеринариялық анықтама беру»;

«Ветеринариялық паспорт беру»;

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты түзету».

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3 ( «ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы, «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 Бұйрығы).

3) Көбірек талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы ең қажетті мемлекеттік қызмет Ветеринарлық анықтама беру болып табылады.

2024 жылы ветеринарлық анықтама беру бойынша 5234 қызмет көрсетілді.

ӨИС деректер базасын «электрондық үкімет» порталымен интеграциялаудың болмауы есебінен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ӨИС ДБ ақпаратын енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана қолжетімді.

Салыстырмалы кесте

Ветеринариялық анықтама беру бойынша

2023 жыл

 2024 жыл

2021 жыл

2181

5234

3062

Ветеринариялық паспорт беру бойынша

2023 год

2024 год

2021 год

0

0

475

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан алуға болады – «электрондық үкімет» веб-порталында - www.elisense.kz сондай-ақ 8-716-44-7-90-94 телефондары бойынша.

Кәсіпорында 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, 1- Egov mobile баннері сатып алынды.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті Кәсіпорын ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, ақпараттық стенділер орналастырылған.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу үшін талқылауға шығарылған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жоқ.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Кәсіпорында ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша 1 кеңес өткізілді.

Кәсіпорында қызмет алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызмет көрсету процесі туралы консультациялық-түсіндіру жұмыстарын құзыретті түрде жүргізеді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Басқарма жүйелі негізде қызмет алушылардан талап етілетін құжаттардың мерзімі мен санын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.

 

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

Әкімшілік және құқықтық жұмыс бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқық қолдану практикасы мәселелері бойынша тұрақты негізде консультациялар жүргізеді.

Басқарма қызметкерлері міндетті түрде кестеге сәйкес біліктілікті арттырудан өтеді.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде қоғамдық қатынастарды реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекет пен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласында қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітті.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Кәсіпорын жүйелі негізде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша тиісті акт шығарылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Одан әрі тиімділік мақсатында: осы мәселе бойынша кәсіпорын мемлекеттік  қызмет көрсетін жұмысшылармен жай-күйіне талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинарлары өткізіледі.

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Аршалы аудананың ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы Есеп
Дата публикации
25 февраля 2025